Атыраудағы "Полиэтилен" зауытының құрылыс алаңына ірі көлемді жабдықтар жеткізілді
14:10 09.09.2026 (жаңартылды: 14:11 09.09.2026)

© Photo : Пресс-служба АО "НК "КазМунайГаз"
Жазылу
Құрылыс алаңына ең жоғары көтеру қабілеті 4 000 тоннаны құрайтын әлемдегі ең ірі шынжыр табанды крандардың бірі жеткізілді
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. "ҚазМұнайГаз" компаниясының хабарлауынша, Silleno полиэтилен зауытының құрылыс алаңына пиролиз қондырғысына арналған ірі көлемді жабдықтардың жаңа партиясы жеткізілді.

Атыраудағы "Полиэтилен" жобасының құрылыс алаңына ірі көлемді жабдықтар жеткізілді
© Photo : Пресс-служба АО "НК "КазМунайГаз"
Бұған дейін Қазақстанға теңіз жолымен ірі габаритті жабдықтың тоғыз бірлігі жеткізілді. Олар алдымен Маңғыстау облысындағы "Ерсай" портына түсіріліп, кейіннен арнайы көлік құралдарының көмегімен Атырау облысына тасымалданды.

Атыраудағы "Полиэтилен" жобасының құрылыс алаңына ірі көлемді жабдықтар жеткізілді
© Photo : Пресс-служба АО "НК "КазМунайГаз"
"Ерсай портынан құрылыс алаңына дейінгі бағыттың ұзындығы 878 шақырымды құрады. Жалпы алғанда, теңіз арқылы жеткізілген алғашқы партияға жалпы салмағы шамамен 12 000 тонна болатын реакторлар, сепараторлар және колонналар кірді", — делінген хабарламада.

Атыраудағы "Полиэтилен" жобасының құрылыс алаңына ірі көлемді жабдықтар жеткізілді
© Photo : Пресс-служба АО "НК "КазМунайГаз"
Порттан құрылыс алаңына жеткізу екі кезеңмен жүзеге асырылды: жүктің бірінші бөлігі алаңға 2026 жылдың шілдесінде, ал екіншісі қыркүйекте жеткізілді.

Атыраудағы "Полиэтилен" жобасының құрылыс алаңына ірі көлемді жабдықтар жеткізілді
© Photo : Пресс-служба АО "НК "КазМунайГаз"
Қазақстандағы "AtyrauNefteMash" зауытында дайындалған пиролиз қондырғысының фракциялау колоннасын орнату үшін құрылыс алаңына ең жоғары көтеру қабілеті 4000 тоннаны құрайтын, әлемдегі ең ірі шынжыр табанды крандардың бірі жеткізілді. Кран тікелей сол жерде құрастырылды.
