Үш адам көз жұмды: Түркістан облысында аулада отырғандарды көлікпен қаққан әйел сотталды

© © Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСот үкімі
Сот үкімі - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2026
Жазылу
Сотталған әйел мектепте мұғалім болып қызмет еткен
АЛМАТЫ, 8 тамыз - Sputnik. Түркістан облысы Арыс қаласында аулада отырған бір топ адамды көлікпен қаққан әйелге сот үкімі шықты, деп хабарлайды облыстық сот.

Көлік рөлінің мас күйде отырып, аулада алаңсыз отырған балалар мен әйелді қаққан әйел сотталды. Оған екі баппен айып тағылды: Қылмыстық Кодекстің 345-1-бабының 4-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" және 347-бабы "Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу".
"Сот үкімімен сотталушыға түпкілікті өмір бойына көлiк құралын жүргiзу құқығынан айыра отырып, 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Асырауында жас баласы болғандықтан 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасының орындалуы 1 жыл мерзімге кейінге қалдырылды", - дейді Түркістан облысының соты.
Еске сала кетейік, биыл 6 маусымда сағат 20:30 шамасында Арыс қаласы А.Сейтбек көшесінің бойында сотталушы алкогольдік масаң күйде автокөлік жүргізіп, үйдің сыртында орындықта отырған бір топ адамды қағып кетті. Салдарынан үш адам көз жұмды, екеуі бала. Тағы екі адам жарақат алған.

Сотталған әйел мектепте мұғалім болып қызмет еткен. 5 қыркүйекте өткен сот жарыссөзінде айыпталушы мүгедек баласы барын айтып, ауыр жаза тағайындамауды сұраған.
Пьяный водитель за рулем, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2026
Түркістан облысында мас әйел бес адамды қағып кетті: үшеуі көз жұмды
Жаңалықтар
0