https://sputnik.kz/20260908/putin-men-tramp-aqsh-arnayy-elshilerinin-maskeu-men-kievke-saparynyn-natizhelerin-talqylady-66471357.html
Путин мен Трамп АҚШ арнайы елшілерінің Мәскеу мен Киевке сапарының нәтижелерін талқылады
Путин мен Трамп АҚШ арнайы елшілерінің Мәскеу мен Киевке сапарының нәтижелерін талқылады
Sputnik Қазақстан
Олар арнайы әскери операция аймағындағы жағдайға объективті және жан-жақты талдау жасады 08.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-08T19:35+0500
2026-09-08T19:35+0500
2026-09-08T19:35+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07ea/06/1d/64520554_0:0:3058:1720_1920x0_80_0_0_537700d98cc82d9afe45f79af35217a2.jpg
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Владимир Путин мен Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесті, деп мәлімдеді Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков.Оның айтуынша, екі көшбасшы да Ақ үй елшілері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнердің Мәскеу мен Киевке сапарларының нәтижелерін оң бағалады. Олар арнайы әскери операция аймағындағы жағдайға объективті және жан-жақты талдау жасады.Ушаков бұл жұмыс жалғасатынын, ал Путин мен Трамп байланыста болуға келіскенін айтты. Бұл ретте америкалық президент Украинадағы қақтығысты тоқтату қажеттілігін айтып, бұл қарым-қатынастарды қалпына келтіруге жол ашатынын жеткізген.Сенбі күні Ресей президенті Владимир Путин Уиткофф пен Кушнерді Кремльде қабылдады. Кездесу үш сағат он минутқа созылды. Бұл Вашингтон өкілдерінің Ресейге сегізінші сапары болды.Келесі күні олар Украина астанасына келді. Кремльдің мәліметінше, Путин осы байланыстарға дайындалу және оларды жүргізу үшін Киевке оқ атуды үш күнге тоқтатуды бұйырды. Келіссөздер екі раундта өтті, екінші раундта оларға Ұлыбритания, Германия және Францияның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілері қосылды.
https://sputnik.kz/20260907/ukraina-boyynsha-kelissozderden-keyin-aytarlyqtay-ilgerileushilikter-bar---uitkoff-66453330.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/1d/64520554_198:0:2929:2048_1920x0_80_0_0_3ac1990eb129120af2dfff9d2d4b5bd0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Путин мен Трамп АҚШ арнайы елшілерінің Мәскеу мен Киевке сапарының нәтижелерін талқылады
Олар арнайы әскери операция аймағындағы жағдайға объективті және жан-жақты талдау жасады
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Владимир Путин мен Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесті, деп мәлімдеді Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков.
"Телефон арқылы сөйлесу тура бір сағатқа созылды және сындарлы және өте ашық сипатта болды", - деді ол тілшілерге.
Оның айтуынша, екі көшбасшы да Ақ үй елшілері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнердің Мәскеу мен Киевке сапарларының нәтижелерін оң бағалады. Олар арнайы әскери операция аймағындағы жағдайға объективті және жан-жақты талдау жасады.
Ушаков бұл жұмыс жалғасатынын, ал Путин мен Трамп байланыста болуға келіскенін айтты. Бұл ретте америкалық президент Украинадағы қақтығысты тоқтату қажеттілігін айтып, бұл қарым-қатынастарды қалпына келтіруге жол ашатынын жеткізген.
Сенбі күні Ресей президенті Владимир Путин Уиткофф пен Кушнерді Кремльде қабылдады. Кездесу үш сағат он минутқа созылды. Бұл Вашингтон өкілдерінің Ресейге сегізінші сапары болды.
Келесі күні олар Украина астанасына келді. Кремльдің мәліметінше, Путин осы байланыстарға дайындалу және оларды жүргізу үшін Киевке оқ атуды үш күнге тоқтатуды бұйырды. Келіссөздер екі раундта өтті, екінші раундта оларға Ұлыбритания, Германия және Францияның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілері қосылды.