Мұғалімдерге сабақ сағатын бөлу процесі цифрландырылады

© Sputnik/Ертай СарбасовМектеп кабинеті
Мектеп кабинеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2026
Жазылу
Жаңа жүйеде мұғалімнің біліктілігі, тәжірибесі және санаты да ескеріледі
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдерге оқу сағатын бөлу жүйесі цифрландырылатынын айтты.
Айтуынша, бұл іске жасанды интеллект енгізіліп, шешім қабылдаудағы адами фактор азайтылады.
"Бірде-бір мұғалім осы сағат үшін директорға басыбайлы болмауы керек. Бұл менің жалпы принципиалды ұстанымым. Мұны тек қана технология, жасанды интеллект шешуі керек", - деді министр.
Жаңа платформада республика бойынша оқушылар саны, олардың сыныптарға бөлінуі, өңірлердегі сынып саны және әр пәннің оқу жүктемесі есепке алынады. Осы мәліметтер арқылы мектептегі жалпы оқу сағаты анықталып, мұғалімдердің орташа жүктемесі есептеледі.
Жаңа жүйеде мұғалімнің біліктілігі, тәжірибесі және санаты да ескеріледі.
Министрдің сөзінше, бұл тетіктің нақты шешімі бір жыл көлемінде айқындалады.
Келешек мектеп (Школа будущего)  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2026
Сүлейменова мектепке хиджабпен келуге қатысы ескерту жасады
Жаңалықтар
0