Елена Рыбакина US Open турнирінің ширек финалына шықты

Елена Рыбакина - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2026
Жазылу
Келесі кезеңде қазақстандық спортшы Қытай теннисшісі Чжэн Циньвэньмен кездеседі
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open турнирінің төртінші айналымында жапониялық Наоми Осаканы (рейтингте 13-орын) 6:1, 6:4 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты.
Ойыншылар кортта бір сағат жеті минут ойнады. Матч барысында Елена Рыбакина алты эйс жасап, бір рет қос қателік жіберді және сегіз брейк-пойнттың үшеуін сәтті жүзеге асырды.
Ал Наоми Осака екі эйс жасап, бес рет қос қателікке жол берді және матч кезінде ие болған жалғыз брейк-пойнтты пайдалана алмады.
Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығу үшін қытайлық теннисші Чжэн Циньвэньмен кездеседі. Жеңіске жеткен жағдайда қазақстандық теннисші әлемнің бірінші ракеткасы атанады.
Елена Рыбакина - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2026
Елена Рыбакина US Open-2026 чемпионатында үшінші рет жеңіске жетті
Жаңалықтар
0