https://sputnik.kz/20260908/59-poyyz-sputniktik-internetke-qosyldy---qtzh-66468580.html
59 пойыз спутниктік интернетке қосылды - ҚТЖ
59 пойыз спутниктік интернетке қосылды - ҚТЖ
Sputnik Қазақстан
Бүгінде спутниктік байланыс арнасы арқылы интернетке қосылу жылдамдығы секундына 100 Мбитке дейін жетеді 08.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-08T17:39+0500
2026-09-08T17:39+0500
2026-09-08T17:39+0500
пойыз
интернет
жолаушылар
https://sputnik.kz/img/07ea/04/08/62474100_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_0a8d76a5bbb5317b538b09693985fd90.jpg
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы 59 пойыз спутниктік интернетке қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қай пойызда интернетке қосылуға боладыБүгінде интернетке қосылған пойыздар 31 бағытта қатынайды. Негізгі бағыттар:Ал қыркүйек айының соңына дейін 50 бағыттағы 124 пойыз құрамын, яғни 1 235 вагонды спутниктік интернетпен жабдықтау жоспарланып отыр.Қандай тарифтер боладыБүгінде спутниктік байланыс арнасы арқылы интернетке қосылу жылдамдығы секундына 100 Мбитке дейін жетеді."Жолаушыларға интернетті пайдаланудың тегін базалық пакеті ұсынылады. Оның аясында WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы мәтіндік хабарламалар алмасуға қосымша ақы алынбайды. Ал интернеттегі басқа да сервистерді кеңінен пайдаланып, трафик көлемін ұлғайтқысы келетін жолаушыларға қосымша тарифтік пакеттер ұсыну жоспарланып отыр", - дейді компания мамандары.Бұдан бөлек, спутниктік интернет пойыздарда мультимедиялық, ақпараттық және өзге де цифрлық сервистерді дамытуға мүмкіндік береді.OneWeb пен StarlinkБүгінде пойыздарды интернетпен қамтамасыз ету кезінде OneWeb пен Starlink төмен орбиталы спутниктік жүйелер қолданылады. 2025 жылы бес бағытта: Астана – Алматы, Астана – Өскемен, Астана – Бурабай, Астана – Семей және Алматы – Маңғышлақ пойыздарында сынақ жұмыстары атқарылған болатын. Ал 2026 жылы жобаның кеңінен қолдануға шешім қабылданды.Пойызда интернетке қосылу үшін Wi-Fi желісін таңдап, авторизациядан өту қажет. Осыдан кейін WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы мәтіндік хабарламаларды жіберуге болады.
https://sputnik.kz/20260722/tegin-zhane-aqyly-tarif-poyyzdarda-sputniktik-internet-qalay-isteydi-65091398.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/08/62474100_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_651f996a19b2d3eea0d73d4e4a53acb6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пойыз, интернет, жолаушылар
пойыз, интернет, жолаушылар
59 пойыз спутниктік интернетке қосылды - ҚТЖ
Бүгінде спутниктік байланыс арнасы арқылы интернетке қосылу жылдамдығы секундына 100 Мбитке дейін жетеді
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы 59 пойыз спутниктік интернетке қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қай пойызда интернетке қосылуға болады
Бүгінде интернетке қосылған пойыздар 31 бағытта қатынайды. Негізгі бағыттар:
Ал қыркүйек айының соңына дейін 50 бағыттағы 124 пойыз құрамын, яғни 1 235 вагонды спутниктік интернетпен жабдықтау жоспарланып отыр.
Бүгінде спутниктік байланыс арнасы арқылы интернетке қосылу жылдамдығы секундына 100 Мбитке дейін жетеді.
"Жолаушыларға интернетті пайдаланудың тегін базалық пакеті ұсынылады. Оның аясында WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы мәтіндік хабарламалар алмасуға қосымша ақы алынбайды. Ал интернеттегі басқа да сервистерді кеңінен пайдаланып, трафик көлемін ұлғайтқысы келетін жолаушыларға қосымша тарифтік пакеттер ұсыну жоспарланып отыр", - дейді компания мамандары.
Бұдан бөлек, спутниктік интернет пойыздарда мультимедиялық, ақпараттық және өзге де цифрлық сервистерді дамытуға мүмкіндік береді.
Бүгінде пойыздарды интернетпен қамтамасыз ету кезінде OneWeb пен Starlink төмен орбиталы спутниктік жүйелер қолданылады. 2025 жылы бес бағытта: Астана – Алматы, Астана – Өскемен, Астана – Бурабай, Астана – Семей және Алматы – Маңғышлақ пойыздарында сынақ жұмыстары атқарылған болатын. Ал 2026 жылы жобаның кеңінен қолдануға шешім қабылданды.
Пойызда интернетке қосылу үшін Wi-Fi желісін таңдап, авторизациядан өту қажет. Осыдан кейін WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы мәтіндік хабарламаларды жіберуге болады.