https://sputnik.kz/20260907/umitimizdi-aqtap-keledi-shef-da-reseyden-akelingen-amur-zholbarysy-turaly-aytyldy-66429962.html
"Үмітімізді ақтап келеді": ШЭФ-да Ресейден әкелінген Амур жолбарысы туралы айтылды
"Үмітімізді ақтап келеді": ШЭФ-да Ресейден әкелінген Амур жолбарысы туралы айтылды
Sputnik Қазақстан
Ресей президенті Владимир Путин бұл жобаны Қазақстанмен экология саласындағы серіктестіктің үлгісі деп атады 07.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-07T12:00+0500
2026-09-07T12:00+0500
2026-09-07T12:00+0500
жолбарыс
ресей
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07ea/05/1d/63790112_0:59:1070:661_1920x0_80_0_0_ce6a316892f7ecc231807195ce39e9b6.jpg
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Ресейден әкелініп, Қазақстанда табиғатқа жіберілген "Үміт" есімді аналық Амур жолбарысы қорықтағы өз аумағына бейімделіп, олжасын сәтті аулап жатыр.Бұл туралы Шығыс экономикалық форумы аясында "Амур жолбарысы" орталығының бас директоры Сергей Арамилев РИА Новостиге хабарлады.Қазақстан мен Ресей елдегі жолбарыс популяциясын қалпына келтіру бағдарламасы аясында осы жазда Хабаровск өлкесінен Балқаш өңіріне төрт Амур жолбарысы жеткізілген болатын. Табиғи ортаға алғашқы болып жіберілген жануар – Үміт.Маманның айтуынша, жолбарыстың қозғалысы күнделікті саяхат үшін қалыпты диапазонға сәйкес келеді. Ол диаметрі шамамен 80 шақырым аумақты патрульдейді. "Әзірге ұрғашы жолбарыс өзін әдеттегідей ұстап жүр. Ол өз аумағын белгілеп, бірден "тұрақ жайластыруға" тырысып жатыр. Оған айналаны зерттеп, нысандардың орналасуын көріп, жер бедерінің сызбасын жадында сақтап алу қажет. Жолбарыстар бұрын сәтті аң аулаған жерлерді таңдауға бейім келеді. Қай жерде олжасы көбірек болса, ол сол жерге жиірек оралады", — деп атап өтті ол.Айтуынша, жыртқыш жануар үнемі бақылауда және адамдарға жақындауға ешқандай әрекет жасамаған. Сарапшы қорық аумағында елді мекендердің немесе қандай да бір шаруашылық қызметтің жоқ екенін атап өтті.
https://sputnik.kz/20260528/ile-balqash-qorygyna-4-amur-zholbarysy-zhiberildi-63779898.html
ресей
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/1d/63790112_55:0:1015:720_1920x0_80_0_0_d86b6fc80d4d89c9ef07224d43676024.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жолбарыс, ресей, қазақстан
жолбарыс, ресей, қазақстан
"Үмітімізді ақтап келеді": ШЭФ-да Ресейден әкелінген Амур жолбарысы туралы айтылды
Ресей президенті Владимир Путин бұл жобаны Қазақстанмен экология саласындағы серіктестіктің үлгісі деп атады
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Ресейден әкелініп, Қазақстанда табиғатқа жіберілген "Үміт" есімді аналық Амур жолбарысы қорықтағы өз аумағына бейімделіп, олжасын сәтті аулап жатыр.
Бұл туралы Шығыс экономикалық форумы аясында "Амур жолбарысы" орталығының бас директоры Сергей Арамилев
РИА Новостиге хабарлады.
Қазақстан мен Ресей елдегі жолбарыс популяциясын қалпына келтіру бағдарламасы аясында осы жазда Хабаровск өлкесінен Балқаш өңіріне төрт Амур жолбарысы жеткізілген болатын. Табиғи ортаға алғашқы болып жіберілген жануар – Үміт.
"Бақытымызға орай, ол әзірге мамандардың барлық үмітін ақтап келеді. Ол аң аулап жүр. Оның алғашқы олжасы ірі қасқыр болды. Бұл – өте сақ жануар болғандықтан, аулауға өте қиынға соғатын жемтік еді. Мұндай аңды ұстай алуы оның сол аймақтағы кез келген жануарды – қабанды, бұғыны немесе басқа да тұяқтыларды – аулай алатынын көрсетеді", – деді Арамилев.
Маманның айтуынша, жолбарыстың қозғалысы күнделікті саяхат үшін қалыпты диапазонға сәйкес келеді. Ол диаметрі шамамен 80 шақырым аумақты патрульдейді.
"Әзірге ұрғашы жолбарыс өзін әдеттегідей ұстап жүр. Ол өз аумағын белгілеп, бірден "тұрақ жайластыруға" тырысып жатыр. Оған айналаны зерттеп, нысандардың орналасуын көріп, жер бедерінің сызбасын жадында сақтап алу қажет. Жолбарыстар бұрын сәтті аң аулаған жерлерді таңдауға бейім келеді. Қай жерде олжасы көбірек болса, ол сол жерге жиірек оралады", — деп атап өтті ол.
Айтуынша, жыртқыш жануар үнемі бақылауда және адамдарға жақындауға ешқандай әрекет жасамаған. Сарапшы қорық аумағында елді мекендердің немесе қандай да бір шаруашылық қызметтің жоқ екенін атап өтті.