https://sputnik.kz/20260907/turkiya-ystanbulda-ukraina-boyynsha-kelissozderdin-qayta-bastaluyn-kutedi---derekkoz-66422652.html
Түркия Ыстанбұлда Украина бойынша келіссөздің қайта басталуын күтеді - дереккөз
Түркия Ыстанбұлда Украина бойынша келіссөздің қайта басталуын күтеді - дереккөз
Sputnik Қазақстан
️АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Түркия Ресей мен Украина арасындағы келіссөз процесін қайтадан Ыстанбұлға көшіруді көздейді және Батыс елдері бұл бастаманы... 07.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-07T09:45+0500
2026-09-07T09:45+0500
2026-09-07T10:17+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/06/02/54174793_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_304246fbc3253a3b492ffc5356db26bf.jpg
️АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Түркия Ресей мен Украина арасындағы келіссөз процесін қайтадан Ыстанбұлға көшіруді көздейді және Батыс елдері бұл бастаманы қолдауы тиіс деп санайды.Бұл туралы РИА новостиге Түркия үкіметіндегі дерекөз хабарлады. 2025 жылы Ресей мен Украина Ыстанбұлда тікелей келіссөздердің үш кезеңін өткізді. Нәтижесінде тұтқындар алмастырылды. Сонымен қатар, Мәскеу қаза тапқан украиналық сарбаздардың денесін Киев режиміне тапсырды. Тараптар сондай-ақ қақтығысты реттеу жөніндегі меморандум жобаларымен алмасты.Оның айтуынша, Түркия басшылығы Ыстанбұлды Ресей мен Украина тараптарының тікелей қарым-қатынас жасау тәжірибесі бар, келіссөздер үшін өзін дәлелдеген алаң ретінде қарастырады."Біздің ұстанымымыз – келіссөздер жалғасуы тиіс. Біз осы үшін Ыстанбұлды алаң ретінде ұсынуға және қажетті көмек көрсетуге дайынбыз. Халықаралық қауымдастықтың тек бейбітшілікке шақырумен шектелмей, тараптарды диалогқа жетелейтін нақты қадамдарды қолдауы қазіргі таңда ерекше маңызды", – деп толықтырды агенттік дереккөзі.Маусым айының соңында Ресей президенті Владимир Путин үкімет өкілдерімен кездесуде Ресейдің Украинамен 2022 жылы Ыстанбұлда қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде бейбіт келіссөздер жүргізуге дайын екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, Мәскеу Украинамен бейбіт диалогқа жергілікті жағдайдағы нақты ахуал негізінде кірісуге дайын екенін бірнеше рет баса айтты.
https://sputnik.kz/20260818/ft-aqsh-ukraina-boyynsha-zhana-kelissoz-zhurgizushilerden-umit-kutedi-65798865.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/02/54174793_217:0:2948:2048_1920x0_80_0_0_f9d9ce85d7625daa07ac75608e0c7a9b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Түркия Ыстанбұлда Украина бойынша келіссөздің қайта басталуын күтеді - дереккөз
09:45 07.09.2026 (жаңартылды: 10:17 07.09.2026) ️АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Түркия Ресей мен Украина арасындағы келіссөз процесін қайтадан Ыстанбұлға көшіруді көздейді және Батыс елдері бұл бастаманы қолдауы тиіс деп санайды.
Бұл туралы
РИА новостиге Түркия үкіметіндегі дерекөз хабарлады.
2025 жылы Ресей мен Украина Ыстанбұлда тікелей келіссөздердің үш кезеңін өткізді. Нәтижесінде тұтқындар алмастырылды. Сонымен қатар, Мәскеу қаза тапқан украиналық сарбаздардың денесін Киев режиміне тапсырды. Тараптар сондай-ақ қақтығысты реттеу жөніндегі меморандум жобаларымен алмасты.
"Түркия Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің Ыстанбұлда қайта жандануын қалайды. Біздіңше, тікелей диалогты жалғастыру – дәл осы қадам атысты тоқтату және бейбіт жолмен реттеу бағытында ілгерілеуге жағдай жасай алады. Батыс елдерінің де бұл ұстанымды қолдауы маңызды, өйткені кең ауқымды халықаралық көмексіз тұрақты нәтижеге қол жеткізу әлдеқайда қиынға соғар еді", – деді агенттік дереккөзі.
Оның айтуынша, Түркия басшылығы Ыстанбұлды Ресей мен Украина тараптарының тікелей қарым-қатынас жасау тәжірибесі бар, келіссөздер үшін өзін дәлелдеген алаң ретінде қарастырады.
"Біздің ұстанымымыз – келіссөздер жалғасуы тиіс. Біз осы үшін Ыстанбұлды алаң ретінде ұсынуға және қажетті көмек көрсетуге дайынбыз. Халықаралық қауымдастықтың тек бейбітшілікке шақырумен шектелмей, тараптарды диалогқа жетелейтін нақты қадамдарды қолдауы қазіргі таңда ерекше маңызды", – деп толықтырды агенттік дереккөзі.
Маусым айының соңында Ресей президенті Владимир Путин үкімет өкілдерімен кездесуде Ресейдің Украинамен 2022 жылы Ыстанбұлда қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде бейбіт келіссөздер жүргізуге дайын екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, Мәскеу Украинамен бейбіт диалогқа жергілікті жағдайдағы нақты ахуал негізінде кірісуге дайын екенін бірнеше рет баса айтты.