Шығыс Қазақстанда жер сілкінді

© Sputnik / Игорь Носов / Медиабанкке өтусейсмограф землетрясение
сейсмограф землетрясение - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2026
Жазылу
Жер сілкінісінен кейін "Қазселқорғау" мамандары өзен арналарын тексерді
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Кеше кешкісін Шығыс Қазақстан облысындағы Үлкен-Нарын ауылының тұрғындары магнитудасы 2-ге тең жер сілкінісін сезді.
Ведомствоның хабарлауынша, Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін 6 қыркүйекте жергілікті уақытпен сағат 23:08-де тіркеген.
"Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 875 шақырым жерде орналасқан", — деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Жер сілкінісінен кейін "Қазселденқорғау" мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, сондай-ақ көшкін мен сел жүру қаупі бар учаскелерді тексерді.
Сонымен қатар, сарапшылар ықтимал зақымдарды анықтау мақсатында маңызды инфрақұрылым нысандарын визуалды түрде тексеріп шықты.
"Тексеру барысында ешқандай зақым анықталған жоқ, нысандар қалыпты жұмыс істеп тұр", — делінген хабарламада.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген. Жағдай тұрақты.
Архивное фото сейсмографа - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2026
Таразда жер сілкінді
Жаңалықтар
0