Қазақстан туризміне екі жыл ішінде 2,2 трлн теңге инвестиция тартылды

Туризм - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2026
Жазылу
Өткен жылы елге 15,7 млн шетелдік турист келген
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik.Туризм саласында жалпы құны шамамен 1,3 триллион теңге болатын 328 жоба жүзеге асырылып жатыр.
Бұл туралы үкіметте айтылды.
Бұл бастама шамамен 10 000 тұрақты жұмыс орнын құруға және халықаралық стандарттарға сай келетін 25 жаңа қонақүй кешенінің ашылуына мүмкіндік бермек.
"2025 жылы туризм саласына салынған инвестиция көлемі 1,25 триллион теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 32,6%-ға артты. Қазақстанға 15,7 миллион шетелдік азамат келді (оның ішінде 11,1 миллионы турист ретінде тіркелген), ал олардың ел ішіндегі шығындарының жалпы сомасы 2,9 миллиард долларды құрады", — деп атап өтті үкімет.
айтуларынша, оқиғалы туризм қосымша драйвер болып саналады: 2026 жылға арналған 55 негізгі іс-шараның күнтізбесі құрылған.
"Ішкі туризм де тұрақты өсім көрсетіп отыр. Ел ішінде саяхаттаған Қазақстан азаматтарының ағыны 2023 жылғы 7,1 млн адамнан 2025 жылы 8,7 млн адамға дейін өсті", - делінген хабарламада.
2026 жылы жол жөндеу жұмыстарымен 11 000 шақырым автомобиль жолдары қамтылған. Соның ішінде Рахман қайнарларына, Кендірліге, Баянауылға, Зерендіге және Көлсайға апаратын бағыттарды қамтыған.
Катонқарағайда, Зайсанда және Кендірліде жаңа әуежайлар салынып жатыр. Жазғы маусымға аптасына 45 субсидияланатын әуе рейсі ұйымдастырылған.
Бурабай көлінде Pana Sayakhat жаңа көлік жүйесінің бастапқы кезеңі іске қосылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2026
Бурабайда туристерді электр кемелері тасымалдай бастайды
Жаңалықтар
0