Павлодарда мас күйде көлік жүргізген әйел жүктілік туралы жалған анықтама ұсынған

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуКөлік руліндегі адам
Көлік руліндегі адам - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2026
Жазылу
Осы құжаттың арқасында әйел жауапкершіліктен құтылып кеткен
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Павлодарда мас күйде көлік жүргізген әйел қамалды.
Әйел мас күйде рульге отырып, жол апатына түскен. Қамауға алынбас үшін жүктілік туралы жалған медициналық анықтама жасаған.
Осы құжаттың арқасында әйел жауапкершіліктен құтылып кеткен.
Бірақ кейін прокуратура анықтаманың қолдан жасалғанын анықтап, сот шешімімен әйел 20 тәулікке қамауға алынды.
Ал дәлелдерді бұрмалап, пара алған адамға 6,6 млн теңге айыппұл салынып, мемлекеттік қызметте өмір бойы жұмыс істеуге тыйым салынды.
Осы оқиғадан кейін прокуратура медициналық құжаттарды рәсімдеуге бақылауды күшейтті.
5 лауазымды тұлғаны тәртіптік жауапкершілікке тартты.
Жүргізуші куәлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2026
Маңғыстауда ер адам жүргізуші куәлігінен айырылса да, мас күйде көлік айдаған
Жаңалықтар
0