Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 7 қыркүйек

© Sputnik / Владислав ВодневКүнтізбе - 7 қыркүйек
Күнтізбе - 7 қыркүйек - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2026
Жазылу
7 қыркүйекте не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

7 қыркүйекте қандай мереке аталып өтеді

Бүгін – Соғыс ойыншықтарын жою күні. Өткен ғасырдың 80-ші жылдарында "Әлемдегі ата-анасының қамқорынсыз қалған жетім балаларды қорғау" ұйымы осындай бастама көтереді. Бірқатар елде аталған мереке 1988 жылдан бастап аталып өтеді. Бұл күні соғыс ойыншықтарын тәтті мен жұмсақ ойыншықтарға ауыстыру игі дәстүрге айналған.
7 қыркүйекте Дүниежүзілік барабаншылар күні аталып өтеді. Бұл мереке 1896 жылы ресми мәртебеге ие болды. Сол жылы алғашқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Швейцария құрамасы әскери барабаншылар ансамблінің сүйемелдеуімен стадионға шыққан. 2019 жылғы 26 мамырда Санкт-Петербургте қала күніне орай 1300 барабаншы 556 барабанда крещендо орындап, Гиннестің рекордтар кітабына енген жаңа рекорд орнатты.
Бүгін сондай-ақ Халықаралық ашық аспан және таза ауа күні аталып өтеді. БҰҰ Бас Ассамблеясының бастамасымен бекітілген бұл мереке қоғамның назарын ауаның ластануы мәселесіне аударуды көздейді.
Ал Бразилияда бүгін ұлттық мейрам – Тәуелсіздік күні.

7 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар

1763 жылы Англия королі ІІІ Георг Канадаға қоныстануға шақырған үндеу жариялады;
1812 жылы 19-шы ғасырдың басындағы ең қанды қырғынның бірі Бородино шайқасы болды;
1822 жылы Бразилия Португалиядан тәуелсіздігін жариялады;
1918 жылы Ресей телеграф агенттігі құрылды;
1939 жылы Германияда "халықтың қорғаныс қуатына қауіп төндіргені үшін" өлім жазасы енгізілді.

7 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1932 жылы Қазақстанда тұңғыш рет көп басылымда газет пен журнал шығаратын арнайы мамандандырылған "Дәуір" баспасы құрылды.

1991 жылы Қазақстанның социалистік партиясы құрылды (кейін Қазақстанның коммунистік партиясы болып өзгертілді);
2004 жылы Астанада синагоганың ашылу рәсімі өтті;
2013 жылы Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан Республикасына алғашқы мемлекеттік сапарымен келді. Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің құрылтай отырысы барысында "Бейнеу-Бозой-Шымкент" газ құбыры пайдалануға берілді.

7 қыркүйекте әлемде туған танымал тұлғалар

1894 жылы француз ақыны Поль Элюардың, кейіннен әйгілі суретші Сальвадор Далидің әйелі болған Гала Дали дүниеге келді;
1923 жылы орыс ақыны Эдуард Асадов туды;
1930 жылы америкалық джаз саксофоншысы, композитор Сонни Роллинз дүниеге келді;
1936 жылы америкалық әнші, ән авторы, рок-н-роллдың ізашары Бадди Холли дүниеге келді.

7 қыркүйекте Қазақстанда кім туды

1841 жылы халық композиторы, әнші-ақын, күйші-домбырашы Мұхит (Мұхамбеткерей) Мералыұлы дүниеге келді;
1919 жылы күйші-домбырашы, Қазақ КСР халық әртісі Рүстембек Омаров туды;
1933 жылы допты хоккейден спорт шебері, КСРО чемпионатының 4 мәрте қола, 5 мәрте күміс жүлдегері және чемпионы Қазбек Байболов дүниеге келді;
1946 жылы журналист, жазушы Валерий Михайлов өмірге келді;
1948 жылы көрнекті қазақстандық хирург, ангиохирург, медицина ғылымдарының докторы, профессор және Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Уәлихан Жақыпов дүниеге келді.
Жаңалықтар
0