Атырауда ауада күкіртсутектің жоғары деңгейі анықталды

© Портал atyrauoil.officialАтырауда ауада күкіртсутектің жоғары деңгейі анықталды
Атырауда ауада күкіртсутектің жоғары деңгейі анықталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2026
Жазылу
Облыстық әкімдік тұрғындардың шағымдарына жауап берді
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Облыстық әкімдік Атырау тұрғындарының ластанған ауаға қатысты жаппай шағымына жауап берді.
Соңғы күндері Атырау тұрғындары ауа сапасының нашарлауына және жағымсыз иіске шағымданып келеді. Осыған байланысты облыс әкімі Болат Ақшолақов түнде ауа сапасын өлшеуді тапсырды.
"Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары хабарлағандай, мониторинг сағат 22:00 мен 07:00 аралығында жүргізілген. Нәтижесінде қаланың бірқатар ауданында ластаушы заттар, соның ішінде күкіртсутек пен көміртек оксидінің көрсеткіші шекті рұқсат етілген концентрациядан жоғары екені тіркелген", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар өңір басшысы Атырау ауасының ластануына жол берген кәсіпорындарды тексеруді тапсырды.
"Қалыптасқан экологиялық жағдай күрделі және мұндайға жол беруге болмайды. Экологиялық проблемаларды шешу мәселені мойындауды, жағдайды объективті бағалауды және барлық мүдделі тараптың бірігіп жұмыс істеуін талап етеді", — деді Болат Ақшолақов.
Қаңтар айында да өңір тұрғындары ауа сапасының нашарлығына шағымданған. Сол кезде сарапшылар күкіртсутек деңгейі нормадан 36 еседен астам асып кеткенін анықтады.
Астанада Есіл өзенін тазарту бойынша кешенді жұмыстар жүріп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2026
Жасыл түске боялған Есіл жұртты алаңдатып қойды: Астанада өзен қалай тазартылып жатыр
Жаңалықтар
0