Алматыдағы психиатриялық ауруханадан екі науқас қашып кетті

© Sputnik / Тимур БатыршинПалаты для лечения больных коронавирусом
Палаты для лечения больных коронавирусом - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2026
Жазылу
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Алматыдағы психикалық денсаулық орталығынан екі науқас қашып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Науқастардың қашып кеткені туралы Алматы облысының LIDER.KZ еріктілері әлеуметтік желіде жазды.
"Психикалық бұзылулардан зардап шегетін адамдарды шұғыл түрде іздейміз. Екеуі әр уақытта жоғалып кеткен. 1989 жылғы әйел, Алматыдағы психикалық орталықтан 16 сәуірде сағат 09.00 шамасында кетіп қалған. Бойы 167 см, дене бітімі орташа, көздері қоңыр, шаштары қара-ақшыл, ұзын, бетінде бөртпелер бар. Үстінде қою көк велюр куртка, күлгін шалбар, көк резеңке тәпішке киген", - деп жазды LIDER.KZ
Ал іздеу жарияланған екінші науқас - ер адам.
"35 жастағы ер адам. 13 мамыр сағат 08.00 шамасында Бостандық ауданы, Кекілбайұлы көшесі, 117А үй мекенжайы бойынша психикалық денсаулық орталығынан қашып кетті. Белгілері: бойы 180 см, дене бітімі орташа, шашы сұрғылт, қысқа, көздері қоңыр, сол көзінің жанында меңі бар", - дейді еріктілер.
Алматы қаласының полиция департаменті ақпаратты растады.
"Медициналық мекемеден науқастардың жоғалуына қатысты деректердің екеуі екі бөлек факті. Ер адам мен әйел медициналық мекемеден әр күнде шыққан және олардың бір-біріне еш қатысы жоқ", - дейді полицияда.
Екі факті бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы іздестіру жұмыстарын қабылдады. Қазіргі уақытта азаматтардың жүрген жерін анықтап, оларды медициналық мекемеге қайтаруға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтар
0