Алматыда екі ер адам жедел жәрдем қызметкерлерін пышақпен қорқытқан

© Photo : Sergek GroupЖедел жәрдем көлігі
Жедел жәрдем көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2026
Жазылу
Ұсталғандардың өздері медицина қызметкерлері келгенге дейін синтетикалық есірткі қолданғандарын айтқан
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Алматыда жедел жәрдем шақырып, медицина қызметкерлерін пышақпен қорқытқандар ұсталды.
Алматыда екі ер адам өздеріне жедел жәрдем шақыртып, келген медицина қызметкерлерін пышақпен қорқытқан.
Оқиға туралы полицияға екі ер адамға шақырту бойынша келген жедел жәрдем бригадасы хабарлаған.
"Казыбек би және Бәрібаев көшелерінің қиылысына патрульдік полиция қызметкерлері мен Медеу аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы жедел жетіп, екі ер адамды да ұстады", - деп хабарлады Алматы полициясы.
Алдын ала мәлімет бойынша, олардың есірткіге масаң күйде болғаны анықталды. Ұсталғандардың өздері медицина қызметкерлері келгенге дейін синтетикалық есірткі қолданғандарын айтқан.
Жедел жәрдем қызметкерлерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Ұсталғандар полиция бөлімшесіне жеткізілді.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайы, оның ішінде пышақтың қайдан алынғаны, сондай-ақ оны сақтау және алып жүру мақсаты анықталуда. Әр адамның әрекетіне құқықтық баға беріледі, дейді тәртіп сақшылары.
Жедел жәржем көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2026
Астанада жедел жәрдем көліктерін жөндеуге бөлінген қаржыны жымқырғандар сотталды
Жаңалықтар
0