https://sputnik.kz/20260906/dastan-satpaev-zharaqatyna-baylanysty-bernlidin-oz-alanyndagy-oyynyna-qatyspaydy-66413327.html
Дастан Сәтпаев жарақатына байланысты Бернлидің өз алаңындағы ойынына қатыспады
Дастан Сәтпаев жарақатына байланысты Бернлидің өз алаңындағы ойынына қатыспады
Sputnik Қазақстан
"Бернли" менеджері Ники Хайен Сәтпаев медициналық тексеруден өтуі керек екенін мәлімдеді 06.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-06T09:14+0500
2026-09-06T09:14+0500
2026-09-06T10:20+0500
футбол
англия
жарақат
https://sputnik.kz/img/07ea/06/11/64196398_0:156:1080:764_1920x0_80_0_0_9fd9303b85826bc83c988f39b4be8bea.jpg
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев жарақатына байланысты "Бернлидің" "Бристоль Ситиге" қарсы өз алаңындағы ойынына қатыспады.Sports.kz британдық спорт талдаушысы және трейдер Джеймс Денсонға сілтеме жасай отырып хабарлағандай, Сәтпаев жарақат алып қалған. Тағы бір британдық футбол инсайдері Иэн Монтгомери жарақаттың сан бұлшықетіне байланысты екенін жазған.Жарақат "Мидлсброға" қарсы ойын кезінде болған. Матч 1-1 есебімен аяқталды, Сәтпаев 81 минут бойы негізгі құрамда ойнады. Қазақстандық футболшы екі қауіпті соққы жасады, допты бағыттаудың 94% дәлдігін көрсетті және матчтың үздік ойыншысы атанды.Кейін ойыншы сан бұлшықетінде ыңғайсыздық сезініп, ойыннан ауыстырылды. "Бернли" менеджері Ники Хайен Сәтпаев медициналық тексеруден өтуі керек екенін мәлімдеді.Бұл қазақстандық шабуылшының бұлшық етіндегі алғашқы жарақаты емес. Ақпан айында ол санның жеңіл жарақатынан және шап бұлшықетінің созылуынан ем алған болатын. Жалпы "Бернли" жанкүйерлері Сәтпаевтың "Мидлсброға" қарсы ойынын жоғары бағалаған болатын.Айта кетері, Дастан Сәтпаев қатыспаған ойын "Бернлидің" "Бристоль Ситиден" 1:2 есебімен жеңілуімен аяқталды.
https://sputnik.kz/20260809/dastan-satpaev-chelsi-sapyndagy-algashqy-zhuldesin-zhenip-aldy-65556620.html
англия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/11/64196398_0:135:1080:945_1920x0_80_0_0_283a8296323ad98f4a4f62c8b71c94ca.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
футбол, англия, жарақат
Дастан Сәтпаев жарақатына байланысты Бернлидің өз алаңындағы ойынына қатыспады
09:14 06.09.2026 (жаңартылды: 10:20 06.09.2026) "Бернли" менеджері Ники Хайен Сәтпаев медициналық тексеруден өтуі керек екенін мәлімдеді
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев жарақатына байланысты "Бернлидің" "Бристоль Ситиге" қарсы өз алаңындағы ойынына қатыспады.
Sports.kz британдық спорт талдаушысы және трейдер Джеймс Денсонға сілтеме жасай отырып хабарлағандай, Сәтпаев жарақат алып қалған. Тағы бір британдық футбол инсайдері Иэн Монтгомери жарақаттың сан бұлшықетіне байланысты екенін жазған.
Жарақат "Мидлсброға" қарсы ойын кезінде болған. Матч 1-1 есебімен аяқталды, Сәтпаев 81 минут бойы негізгі құрамда ойнады. Қазақстандық футболшы екі қауіпті соққы жасады, допты бағыттаудың 94% дәлдігін көрсетті және матчтың үздік ойыншысы атанды.
Кейін ойыншы сан бұлшықетінде ыңғайсыздық сезініп, ойыннан ауыстырылды. "Бернли" менеджері Ники Хайен Сәтпаев медициналық тексеруден өтуі керек екенін мәлімдеді.
Бұл қазақстандық шабуылшының бұлшық етіндегі алғашқы жарақаты емес. Ақпан айында ол санның жеңіл жарақатынан және шап бұлшықетінің созылуынан ем алған болатын. Жалпы "Бернли" жанкүйерлері Сәтпаевтың "Мидлсброға" қарсы ойынын жоғары бағалаған болатын.
Айта кетері, Дастан Сәтпаев қатыспаған ойын "Бернлидің" "Бристоль Ситиден" 1:2 есебімен жеңілуімен аяқталды.