https://sputnik.kz/20260906/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-bolady-6-qyrkuyek-66394188.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 6 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 6 қыркүйек
Sputnik Қазақстан
6 қыркүйекте не болғанын білесіз бе? 06.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-06T00:01+0500
2026-09-06T00:01+0500
2026-09-06T00:01+0500
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
қызықты деректер
https://sputnik.kz/img/1138/19/11381980_60:0:2940:1620_1920x0_80_0_0_b15d8b4afaf6f820dbdb09c82d924ced.jpg
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.6 қыркүйекте қандай мереке аталып өтедіҚыркүйектің бірінші жексенбісінде жыл сайын Қазақстанда Мұнай және газ кешені қызметкерлерінің күні аталып өтеді.Сондай-ақ бүгін әлемде ерекше әрі қызықты мерекелер тойланады. Соның бірі — бөгде планеталықтардың адамзатты ұрлау күні. Әзілге құрылған бұл атау кейде адамды "бізбен бірге өзге өркениет өкілдері өмір сүріп жатқан жоқ па?" деген ойға жетелейді. Адамзаттың ғарыштан өзге өркениеттермен байланыс орнатуға деген қызығушылығы да аз емес. Тіпті Марстан тыс кез келген өркениетпен алғаш болып байланыс орнатқан адамға арнайы жүлде тағайындалған. Ал бөгде планеталықтарға жолданған алғашқы радиоүндеулердің бірінде небәрі үш сөз болған: "Бейбітшілік. Ленин. КСРО". Бүгін әлем халқы Жер үстінде ұшу күнін атап өтеді.Ал Чили жұрты Ұлттық бірлік күнін мерекелесе, Пәкістанда — Қорғаныс күні, Болгарияда бірігу күні аталып өтеді.6 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар1819 жылы АҚШ-та жонғыш білдек патенттелді;1901 жылы АҚШ президенті Уильям Мак-Кинлиге қастандық жасалып, ол ауыр жараланды;1909 жылы америкалық зерттеуші Роберт Пири Солтүстік полюске жеткенін жариялады;1914 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Марнадағы бірінші шайқас басталды;1936 жылы КСРО-да "Халық әртісі" құрметті атағы бекітілді;1952 жылы Женевада Авторлық құқық туралы бүкіләлемдік конвенцияға қол қойылды;1968 жылы Свазиленд Ұлыбританиядан тәуелсіздік алды;1991 жылы Ленинградтың атауы Санкт-Петербор болып өзгертілді; 1991 жылы Кеңес Одағы Литва, Латвия және Эстонияның тәуелсіздігін мойындады;1997 жылы Ұлыбританияда Диана ханшайымның жерлеу рәсімі өтті;2013 жылы NASA-ның LADEE ғарыш аппараты Айды зерттеу үшін ғарышқа ұшырылды;2022 жылы Лиз Трасс Ұлыбритания премьер-министрі қызметіне кірісті.6 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар1925 жылы "Таң" журналында Әлихан Бөкейханов жасаған "Қобыланды" жырының бiрiншi зерттеулерінің нәтижесі жарияланды;1927 жылы Оралда әйгілі өнер зерттеушісі, Қазақстанның халық әртісі Александр Затаевич ұйымдастырған алғашқы қазақ музыкасының кеші болып өтті;1985 жылы Екібастұз қаласында орналасқан "Богатырь" көмір разрезі әлемдегі ең ірі разрез ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді;1991 жылы Қазақстан Компартиясы таратылды;1995 жылы Президент резиденциясында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын ресми таныстыру рәсімі өтті;1997 жылы алғаш рет қазақша күрестен әлем чемпионаты өтті;2006 жылы Мәскеудегі "Пушкин" кинотеатрында қазақстандық "Көшпенділер" фильмінің премьерасы өтті;2010 жылы Семей қаласында Алаш қозғалысының соңғы өкілдерінің бірі, абайтанушы ғалым Қайым Мұхамедхановқа ескерткіш орнатылды.Әлемде 6 қыркүйекте туған танымал тұлғалар1860 жылы америкалық қоғам белсендісі, бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Джейн Аддамс дүниеге келді;1886 жылы театр және кино әртісі, Сталин жүлдесінің төрт дүркін лауреаты ("Великий перелом", "Повесть о настоящем человеке", "Возвращение Максима") Александр Зражевский дүниеге келді;1888 жылы америкалық кәсіпкер және дипломат, АҚШ президенті Джон Кеннедидің әкесі Джозеф Кеннеди дүниеге келді.1908 жылы британиялық физик, атом және кварц сағаттарының негізін қалаған Льюис Эссен туды; 1947 жылы америкалық актриса және комик Джейн Кертин дүниеге келді;1973 жылы ресейлік әнші, музыкант, "Ласковый май" тобының солисі Юрий Шатунов туды.1976 жылы британдық актриса Наоми Харрис дүниеге келді;1983 жылы британдық қоғам қайраткері Пиппа Миддлтон дүниеге келді.6 қыркүйек күні Қазақстанда кімдер туды?1935 жылы ақын Мәжіліс Өтежанов дүниеге келді;1951 жылы домбырашы, күйші, Қазақстаннның халық әртісі Тұяқберді Шәмелов өмірге келді;1964 жылы әнші Нұрлан Абдуллин туды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1138/19/11381980_420:0:2580:1620_1920x0_80_0_0_b5a6746734623cd2587876a71f60920b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 6 қыркүйек
6 қыркүйекте не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын
Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
6 қыркүйекте қандай мереке аталып өтеді
Қыркүйектің бірінші жексенбісінде жыл сайын Қазақстанда Мұнай және газ кешені қызметкерлерінің күні аталып өтеді.
Сондай-ақ бүгін әлемде ерекше әрі қызықты мерекелер тойланады. Соның бірі — бөгде планеталықтардың адамзатты ұрлау күні. Әзілге құрылған бұл атау кейде адамды "бізбен бірге өзге өркениет өкілдері өмір сүріп жатқан жоқ па?" деген ойға жетелейді. Адамзаттың ғарыштан өзге өркениеттермен байланыс орнатуға деген қызығушылығы да аз емес. Тіпті Марстан тыс кез келген өркениетпен алғаш болып байланыс орнатқан адамға арнайы жүлде тағайындалған. Ал бөгде планеталықтарға жолданған алғашқы радиоүндеулердің бірінде небәрі үш сөз болған: "Бейбітшілік. Ленин. КСРО".
Бүгін әлем халқы Жер үстінде ұшу күнін атап өтеді.
Ал Чили жұрты Ұлттық бірлік күнін мерекелесе, Пәкістанда — Қорғаныс күні, Болгарияда бірігу күні аталып өтеді.
6 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар
1819 жылы АҚШ-та жонғыш білдек патенттелді;
1901 жылы АҚШ президенті Уильям Мак-Кинлиге қастандық жасалып, ол ауыр жараланды;
1909 жылы америкалық зерттеуші Роберт Пири Солтүстік полюске жеткенін жариялады;
1914 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Марнадағы бірінші шайқас басталды;
1936 жылы КСРО-да "Халық әртісі" құрметті атағы бекітілді;
1952 жылы Женевада Авторлық құқық туралы бүкіләлемдік конвенцияға қол қойылды;
1968 жылы Свазиленд Ұлыбританиядан тәуелсіздік алды;
1991 жылы Ленинградтың атауы Санкт-Петербор болып өзгертілді;
1991 жылы Кеңес Одағы Литва, Латвия және Эстонияның тәуелсіздігін мойындады;
1997 жылы Ұлыбританияда Диана ханшайымның жерлеу рәсімі өтті;
2013 жылы NASA-ның LADEE ғарыш аппараты Айды зерттеу үшін ғарышқа ұшырылды;
2022 жылы Лиз Трасс Ұлыбритания премьер-министрі қызметіне кірісті.
6 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1925 жылы "Таң" журналында Әлихан Бөкейханов жасаған "Қобыланды" жырының бiрiншi зерттеулерінің нәтижесі жарияланды;
1927 жылы Оралда әйгілі өнер зерттеушісі, Қазақстанның халық әртісі Александр Затаевич ұйымдастырған алғашқы қазақ музыкасының кеші болып өтті;
1985 жылы Екібастұз қаласында орналасқан "Богатырь" көмір разрезі әлемдегі ең ірі разрез ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді;
1991 жылы Қазақстан Компартиясы таратылды;
1995 жылы Президент резиденциясында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын ресми таныстыру рәсімі өтті;
1997 жылы алғаш рет қазақша күрестен әлем чемпионаты өтті;
2006 жылы Мәскеудегі "Пушкин" кинотеатрында қазақстандық "Көшпенділер" фильмінің премьерасы өтті;
2010 жылы Семей қаласында Алаш қозғалысының соңғы өкілдерінің бірі, абайтанушы ғалым Қайым Мұхамедхановқа ескерткіш орнатылды.
Әлемде 6 қыркүйекте туған танымал тұлғалар
1860 жылы америкалық қоғам белсендісі, бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Джейн Аддамс дүниеге келді;
1886 жылы театр және кино әртісі, Сталин жүлдесінің төрт дүркін лауреаты ("Великий перелом", "Повесть о настоящем человеке", "Возвращение Максима") Александр Зражевский дүниеге келді;
1888 жылы америкалық кәсіпкер және дипломат, АҚШ президенті Джон Кеннедидің әкесі Джозеф Кеннеди дүниеге келді.
1908 жылы британиялық физик, атом және кварц сағаттарының негізін қалаған Льюис Эссен туды;
1947 жылы америкалық актриса және комик Джейн Кертин дүниеге келді;
1973 жылы ресейлік әнші, музыкант, "Ласковый май" тобының солисі Юрий Шатунов туды.
1976 жылы британдық актриса Наоми Харрис дүниеге келді;
1983 жылы британдық қоғам қайраткері Пиппа Миддлтон дүниеге келді.
6 қыркүйек күні Қазақстанда кімдер туды?
1935 жылы ақын Мәжіліс Өтежанов дүниеге келді;
1951 жылы домбырашы, күйші, Қазақстаннның халық әртісі Тұяқберді Шәмелов өмірге келді;
1964 жылы әнші Нұрлан Абдуллин туды.