Арзан ипотека мен жалдамалы баспана беру тәртібі қалай өзгереді

© Sputnik / Нина Зотина / Медиабанкке өтуМакет дома на калькуляторе
Макет дома на калькуляторе - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2026
Жазылу
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. 2027 жылдан бастап Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейін көтеру жоспарланып отыр. Ал осы көрсеткіштің негізінде жеңілдетілген ипотека мен жалдамалы пәтерлер беріледі. Мемлекет есебінен жалға алынған баспана ақысының бір бөлігі де өтеледі. Sputnik Қазақстан келесі жылдан бастап арзан ипотека мен жалдамалы баспана беру талаптары қалай өзгеретінін саралап шықты.

Күнкөріс деңгейі дегеніміз не

Ең төменгі күнкөріс деңгейі - бұл бір адамға қажетті ең аз ақшаның мөлшері. Оған тамақ, киім, жол ақысы, коммуналдық төлемдер сияқты бірінші кезекте тұрған шығындарды өтеуге болады.
Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі негізінде мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы есептеледі. Сондай-ақ, оны халықты қолдауға арналған бағдарламаларда негізгі көрсеткіш ретінде пайдаланады. Мәселен, Отбасы банкі 2 проценттік ипотека мен жалдамалы баспана отбасының ең төменгі күнкөріс деңгейін ескеріп таратады. Ал ипотека мен жалдамалы баспана болмаса, нақты талаптарға сай келетін тұрғын үйді жалға алуға болады. Ондайда жалға алу ақысының жартысы мемлекет есебінен өтеледі.
Биыл ең төменгі күнкөріс деңгейі 50 851 теңге болып бекітілген. Ал келесі жылы оны 55 173 теңгеге дейін көтеру жоспарланған.

Жалдамалы баспана

Қазіргі кезде баспана кезегінде тұрған азаматтар әкімдік ұсынған жалдамалы баспанаға кіре алады. Бірақ әрбір отбасы мүшесінің соңғы алты айдағы орташа табысына нақты шектеу бар. Оны ең төменгі күнкөріс деңгейімен есептейді:
Отбасы мүшелері үш адамнан көп болса, әрбіреуінің орташа табысы 2 ең төменгі күнкөріс деңгейінен (2026 жылы 101 702 теңге, 2027 жылы – 110 346 теңге) артық болмауы қажет;
Отбасы құрамы екі адамнан аспаса, әрбіреуінің орташа табысы 3,5 ең төменгі күнкөріс деңгейінен (2026 жылы 177 978 теңге, 2027 жылы – 193 105 теңге) артық болмауы керек.
Баспана кезегін Отбасы банкі жүргізеді. Заң бойынша жалдамалы тұрғын үйдің кем дегенде 70 проценті соғыс ардагерлері, оларға теңестірілгендер, I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жесір әйелдер мен көпбалалы аналар алса, тағы 20 проценті жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға берілуі керек. Қалғаны кезекте тұрған басқа да мұқтаж адамдарға бөлінеді.

2 проценттік ипотека

Баспана кезегінде тұрған азаматтар баспананы жеке меншікке сатып алғысы келсе, Отбасы банкінен 2 проценттік ипотека рәсімдей алады. Тұрғын үйді қолжетімді бағамен әкімдіктер ұсынады. Алғашқы жарнасы – 10 процент. Ал ипотеканың өзі 20 жылға беріледі. Алайда бағдарлама қатысушысының табыстың көлемі белгілі бір деңгейден аспауы қажет. Оны да ең төменгі күнкөріс деңгейімен есептейді.
"Бағдарламаға қатысу үшін отбасының әрбір мүшесіне 5 ең төменгі күнкөріс деңгейінен (2026 жылы 254 255 теңге, 2027 жылда – 275 865 теңгеден) аспайтын мөлшерде соңғы алты айдағы еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен түсетін жиынтық отбасылық табысты растау қажет", - дейді мамандар.

Жалға алынған үйдің төлемі өтеледі

Бүгінде Отбасы банкі арқылы жалға алынған баспананың ай сайынғы төлемін субсидиялау сияқты көмек те бар. Ондайда жалға алу ақысының жартысын мемлекет есебінен өтеуге болады. Бірақ айлық табысқа нақты шектеу бар. Оған сәйкес, өтініш берген отбасының соңғы 6 айдағы жиынтық табысы әрбір мүшесіне шаққанда туралы заңмен бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 еселенген мөлшерінен (2026 жылы 254 255 теңге, 2027 жылы – 275 865 теңге) аспауы тиіс.
Мысалы, 5 адамнан тұратын отбасы Алматыда 60 шаршы метрлік пәтерді 200 мың теңгеге жалға алып тұрса, соның 100 мың теңгесі мемлекет тарапынан өтеледі.
Бұл бағдарламаға баспана кезегінде тұрған I және II топтағы мүгедектер, жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар және көпбалалы отбасыла қатыса алады. Сосын жалға алынатын баспананың жалпы ауданы мен ақысына қатысты нақты шектеулер бар.
1-3 адам бар отбасы үшін 40 шаршы метрден артық емес;
4-5 адам бар отбасы үшін 60 шаршы метрден артық емес;
6 және одан көп адам бар отбасы үшін 80 шаршы метрден артық емес.
Ал жалға алынған тұрғын үй үлкен болса, онда айырмашылықты жалға алушы өзі төлейді.

Баспана кезегінде тұрғандардың жәрдемақысы

Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі негізінде базалық зейнетақы ғана емес, жәрдемақылар да есептеледі. Сондықтан келесі жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі көтерілсе, баспана кезегінде тұрған азаматтардың жәрдемақылары да көтеріледі.
Мүгедектігі бойынша 2027 жылы берілетін жәрдемақының есебі:
I топ — 121 381 теңге;
II топ — 97 104 теңге;
III топ — 66 208 теңге.
Асыраушысынан айырылған жағдайда 2027 жылы берілетін жәрдемақының есебі:
асырауда бір адам - 50 759 теңге;
екі адам - 93 794 теңге;
үш адам — 124 139 теңге;
төрт адам — 143 450 теңге;
бес адам — 151 726 теңге;
алты және одан көп — 165 519 теңге.
Ал мүгедектігі бар бала және I топтағы мүгедек адамның күтімі бойынша жәрдемақының көлемі 88 829 теңгеге дейін өседі.
Как изменятся пенсии и МРП в Казахстане - инфографика - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2026
Инфографика
Зейнетақы мен АЕК қалай өзгереді - инфографика
Жаңалықтар
0