https://sputnik.kz/20260905/toqaev-vitse-prezidenttin-okilettikteri-turaly-zharlyqqa-qol-qoydy-66407091.html
Тоқаев вице-президенттің өкілеттіктерін бекітті
Тоқаев вице-президенттің өкілеттіктерін бекітті
Sputnik Қазақстан
Қазақстанның вице-президенті қызметіне Ерлан Қарин тағайындалған болатын 05.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-05T13:13+0500
2026-09-05T13:13+0500
2026-09-05T13:22+0500
қасым-жомарт тоқаев
ерлан қарин
https://sputnik.kz/img/992/95/9929525_0:209:2048:1361_1920x0_80_0_0_cdea2394b2df87488efa4053f5d3407d.jpg
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы вице-президентінің өкілеттіктері туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.Вице-президент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты саласындағы стратегиялық сипаттағы бастамаларды әзірлеуді қамтамасыз етеді және оларды президентке ұсынады.Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен, сондай-ақ саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде президент атынан өкілдік етеді.Сонымен қатар президент тапсырмасы бойынша халықаралық іс-шараларға қатысады, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің хатшылығын басқарады, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының қызметіне жетекшілік етеді. Жарлықпен белгіленген өкілеттіктерді іске асыру мақсатында вице-президент өкім шығаруға, өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарға тапсырма беруге, Құрылтай, Үкімет, Халық Кеңесі, президент жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарына қатысуға құқылы. Еске салсақ, Қазақстанның вице-президенті болып Ерлан Қарин тағайындалған еді.
https://sputnik.kz/20260831/erlan-qarin-qazaqstannyn-vitse-prezidenti-bolyp-tagayyndaldy-66230126.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/992/95/9929525_133:0:1953:1365_1920x0_80_0_0_2fa3d27408f86b8bdc5fecf2c4a67d3f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, ерлан қарин
қасым-жомарт тоқаев, ерлан қарин
Тоқаев вице-президенттің өкілеттіктерін бекітті
13:13 05.09.2026 (жаңартылды: 13:22 05.09.2026) Қазақстанның вице-президенті қызметіне Ерлан Қарин тағайындалған болатын
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы вице-президентінің өкілеттіктері туралы"
Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Вице-президент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты саласындағы стратегиялық сипаттағы бастамаларды әзірлеуді қамтамасыз етеді және оларды президентке ұсынады.
Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен, сондай-ақ саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде президент атынан өкілдік етеді.
Сонымен қатар президент тапсырмасы бойынша халықаралық іс-шараларға қатысады, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің хатшылығын басқарады, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының қызметіне жетекшілік етеді.
Жарлықпен белгіленген өкілеттіктерді іске асыру мақсатында вице-президент өкім шығаруға, өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарға тапсырма беруге, Құрылтай, Үкімет, Халық Кеңесі, президент жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарына қатысуға құқылы.
Еске салсақ, Қазақстанның вице-президенті болып Ерлан Қарин тағайындалған еді.