Қазақстанда әскерилерге зейнетке шықпай тұрып жұмыс табуға көмектесу ұсынылды

© Sputnik/Ертай СарбасовТоржественное мероприятие ко Дню Десантно-штурмовых войск Казахстана
Торжественное мероприятие ко Дню Десантно-штурмовых войск Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2026
Жазылу
Жоба алдымен Астанада пилоттық режимде сынақтан өткізіледі
АСТАНА, 5 қыркүйек - Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әскери қызметін аяқтап жатқан азаматтарды кәсіби бейімдеу және олардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу жолдарын қарастырып жатыр.
Бүгінде Қазақстанда еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы алатын 148,7 мың азамат бар. Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, осы санаттағы азаматтарды жұмыспен қамтуға қолдау көрсетудің жолдарын талқылап жатыр.
Ұсынылып отырған тәсіл әскери қызметшілерді қызметін аяқтағаннан кейін емес, азаматтық еңбек нарығына шығуға алдын ала дайындауды көздейді.
Осы мақсатта қызметтен босатылуға шамамен алты ай қалғанда азаматтың кәсіби тәжірибесі мен құзыреттері бағаланып, оның еңбек нарығындағы мүмкіндіктері айқындалады. Одан кейін кәсіби бейімделудің жеке жоспары әзірленіп, қажет болған жағдайда қайта даярлау мен оқытуға, сондай-ақ мансаптық және психологиялық қолдауға мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар азаматтарға жұмыс іздеу және жұмысқа орналасу кезінде жәрдем көрсетіледі.
Алдымен бұл тәсілді Астана қаласында пилоттық режимде сынақтан өткізу ұсынылуда. Нәтижесіне қарай оны басқа өңірлерде де іске асыру мүмкіндігі қаралады.
"Қызметін аяқтап жатқан азаматтардың кәсіби тәжірибесі мен құзыреттері еңбек нарығында сұранысқа ие болуы үшін қажетті жағдай жасау біз үшін маңызды. Мұндай тәсіл адамның алдағы уақытта еңбек етуі мүмкін бағыттарын алдын ала айқындап, қажет болған жағдайда оның азаматтық өмірге бейімделуіне тиісті қолдау көрсетуге мүмкіндік береді", – деді "Әскери интеграциядан кейінгі қоғамдастық" қорының өкілдерімен өткен кездесуде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев.
Кездесу барысында қор өкілдері іске асырылып жатқан кәсіби интеграция бағдарламасының нәтижелерін де таныстырды.
Өз тәжірибесімен запас подполковнигі Дәулет Ахметов бөлісті. Ол 2014 жылы әскери қызметін аяқтағаннан кейін қор бағдарламасы аясында кәсіби даярлықтан өтіп, кейін жұмысқа орналасқан.
"Бағдарлама аясында коуч, кәсіби кеңесші және психологтың қатысуымен дайындықтан өттім. Сонымен қатар жұмыс іздеуіме де жәрдем көрсетілді. Қазір Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасында бас маман болып жұмыс істеймін", – деді ол.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара іс-қимылды жалғастырып, ынтымақтастық туралы меморандум әзірлеуге дайын екендерін растады.
Айта кетері, Қазақстанда әскери қызметшілер атқаратын лауазымына, әскери атағына және қызмет ету шарттарына байланысты 45 пен 63 жас аралығында зейнетке шығады
Торжественное мероприятии в честь Дня защитника  отечества, 7 мая, в парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2026
Әскери қызметшілерге көрсетілетін материалдық көмектің көлемі ұлғайтылды
Жаңалықтар
0