https://sputnik.kz/20260905/nepaldagy-su-tasqynynan-qaza-bolgandar-sany-1300-den-asty-66405177.html
Непалдағы су тасқынынан қаза болғандар саны 1300-ден асты
Непалдағы су тасқынынан қаза болғандар саны 1300-ден асты
Sputnik Қазақстан
БҰҰ мен гуманитарлық ұйымдар жойқын су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қаржы сұрап отыр 05.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-05T12:16+0500
2026-09-05T12:16+0500
2026-09-05T12:16+0500
табиғи апат
https://sputnik.kz/img/07ea/08/1b/66140490_0:112:1280:832_1920x0_80_0_0_da77ac48a288b2cd25afb80d423b898e.jpg
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Непалдағы су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 1344 адамға жетті, деп хабарлады "Синьхуа" агенттігі.Бұған дейін Nepal Samaya басылымы 1287 адамның қаза тапқанын хабарлаған еді.БҰҰ мен гуманитарлық ұйымдар Непалдағы жойқын су тасқынынан кейін шұғыл көмек көрсету үшін 49,6 миллион доллар сұрады. Көмек баспанасыз, сусыз және басқа да қажетті заттарсыз қалған 84 мыңнан астам адамға көрсетіледі деп жоспарланып отыр.Көмек көрсету жоспары төрт айға есептелген. БҰҰ мен оның серіктестері зақымданған сумен жабдықтау жүйелерін қалпына келтіруді, суды жедел тазартуға арналған жабдықтар орнатуды және халыққа гигиеналық құралдар таратуды көздейді.Су тасқыны 26 тамыз күні таңертең Непалдың солтүстік аудандарында болды. Оған Қытай аумағынан келген қуатты су ағыны Бхоте-Коси өзеніне құйылуы себеп болған.
https://sputnik.kz/20260827/nepal-men-tibet-shekarasyndagy-seldin-saldary--qorqynyshty-suretter-66144579.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/1b/66140490_119:0:1256:853_1920x0_80_0_0_674d52c36740ad38727639b9b66bdf46.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
табиғи апат
Непалдағы су тасқынынан қаза болғандар саны 1300-ден асты
БҰҰ мен гуманитарлық ұйымдар жойқын су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қаржы сұрап отыр
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Непалдағы су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 1344 адамға жетті, деп хабарлады "Синьхуа" агенттігі.
Бұған дейін Nepal Samaya басылымы 1287 адамның қаза тапқанын хабарлаған еді.
"Полицияның соңғы мәліметтеріне сәйкес, сенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 05:00-дегі жағдай бойынша 1344 адамның мәйіті табылды", — делінген хабарламада.
БҰҰ мен гуманитарлық ұйымдар Непалдағы жойқын су тасқынынан кейін шұғыл көмек көрсету үшін 49,6 миллион доллар сұрады. Көмек баспанасыз, сусыз және басқа да қажетті заттарсыз қалған 84 мыңнан астам адамға көрсетіледі деп жоспарланып отыр.
Көмек көрсету жоспары төрт айға есептелген. БҰҰ мен оның серіктестері зақымданған сумен жабдықтау жүйелерін қалпына келтіруді, суды жедел тазартуға арналған жабдықтар орнатуды және халыққа гигиеналық құралдар таратуды көздейді.
Су тасқыны 26 тамыз күні таңертең Непалдың солтүстік аудандарында болды. Оған Қытай аумағынан келген қуатты су ағыны Бхоте-Коси өзеніне құйылуы себеп болған.