https://sputnik.kz/20260905/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-bolady-5-qyrkuyek-66387490.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 5 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 5 қыркүйек
Sputnik Қазақстан
5 қыркүйекте не болғанын білесіз бе? 05.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-05T00:01+0500
2026-09-05T00:01+0500
2026-09-05T14:09+0500
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
қызықты деректер
https://sputnik.kz/img/1138/19/11381946_60:0:2940:1620_1920x0_80_0_0_8a432fffda6d543e68216bdccac0325a.jpg
Бұл күннің несімен әйгілі екенін Sputnik дерекқорынан біліңіз.5 қыркүйекте әлемде қандай қызықты оқиғалар болды5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні. Бұл күн Қазақстандағы барлық этностың тілдерін құрметтеуге, тіл мәдениетін дамытуға және мемлекеттік тіл – қазақ тілінің мәртебесін арттыруға арналған.Бүгін – Өзара сыйластық күні. Сыншылдар өзара сүйіспеншіліктің болуы мүмкін емес деп дәлелдеуге тырысса да, шын мәнісінде, бәрі басқаша. Өйткені өмірде өзара сыйластық, достық сияқты кіршіксіз сезімдер жоғалған жоқ. Сол себепті бүгінгі мерекені жақын-жуығыңызбен атап өтіңіз.Сонымен бірге, бүгін – Қызғылт сары күн. Яғни, күз мерекесі. Ағаштардан толассыз түсіп жатқан күрең қызыл жапырақтардың күні. Мамыражай тыныштық пен күннің жылы шуағы өткен жазды еске салып, айнала біртіндеп қызғылт сары түске еніп барады.Оның үстіне, қызғылт сары түс адамның эмоциясын сыртқа шығарып, өз-өзіне деген сенімділігін арттырады, жақсы көңілкүй сыйлайды.Бүгін әлемде – Халықаралық қайырымдылық күні, БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 2013 жылдан бері тойланып келеді, ал осы мерекенің бастамашысы болған Венгрия елі. Бұл күн Тереза ананың қайтыс болған күнімен орайластырылған екен.Үндістанда Ұстаз күні аталып өтеді.5 қыркүйекте болған тарихи оқиғалар1781 жылы испандар қазіргі АҚШ аумағында Лос-Анджелес қаласының негізін қалады;1905 жылы Ресей мен Жапония арасында Портсмут бітіміне қол қойылып, Орыс-жапон соғысы аяқталды;1958 жылы АҚШ-та алғаш рет Борис Пастернактың "Доктор Живаго" романы жарық көрді;1972 жылы Мюнхен Олимпиадасында палестиналық лаңкестер Израиль спортшыларын кепілге алды;1977 жылы "Вояджер-1" автоматты планетаралық станциясы іске қосылды;1981 жылы Азияда бірінші рет науқас ЖИТС-тен көз жұмды;1986 жылы Австралияда өлім жазасы алынып тасталды;5 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар1933 жылы Алматыда М. Лермонтов атындағы республикалық драма театры ашылды;1986 жылы "Қарағанды-Орталық" атты жаңа әуежай ресми түрде ашылды;1991 жылы Семей ядролық полигонын жабу туралы шешім қабылданды;2001 жылы Павлодарда Мәшһүр Жүсіп атындағы мешіт ашылды.5 қыркүйекте туған танымал тұлғалар1568 жылы италиялық философ, теолог әрі ақын Томмазо Кампанелла дүниеге келді;1638 жылы француз королі, "Күн королі" атанған Людовик XIV дүниеге келді;1774 жылы неміс суретшісі, романтизм өкілі Каспар Давид Фридрих дүниеге келді; 1817 жылы ақын, жазушы әрі драматург және Козьма Прутковты ойлап тапқандардың бірі — граф Алексей Толстой ("Дон Жуан", "Князь Серебряный") дүниеге келді;1929 жылы кеңестік ғарышкер, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Андриян Николаев дүниеге келді;1945 жылы шотландиялық әнші әрі композитор Эл Стюарт дүниеге келді;1946 жылы британдық рок-музыкант, Queen тобының көшбасшысы Фредди Меркьюри дүниеге келді;1951 жылы америкалық актер Майкл Китон ("Бэтмен", "Бэтменнің оралуы", "Шұғыл шаралар") дүниеге келді;1970 жылы ресейлік музыкант, әнші, "Дискотека Авария" тобының солисті Алексей Рыжков дүниеге келді.5 қыркүйекте Қазақстанда кімдер дүниеге келді1924 жылы қазақ композиторы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Сыдық Мұхамеджанов дүниеге келді;1930 жылы жазушы, аудармашы, әдебиеттанушы, филология ғылымының кандидаты, доцент Сейділда Ордалиев дүниеге келді;1954 жылы Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейінің директоры қызметін атқарған Нұрсән Әлімбай дүниеге келді;1957 жылы Парламент Мәжілісінің экс-депутаты Ілияс Бұларов дүниеге келді;1963 жылы мемлекет қайраткері, Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары болған Мұхтар Ерман дүниеге келді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1138/19/11381946_420:0:2580:1620_1920x0_80_0_0_18632d142480c0f229780f4cb8a8c64f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 5 қыркүйек
00:01 05.09.2026 (жаңартылды: 14:09 05.09.2026) 5 қыркүйекте не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен әйгілі екенін
Sputnik дерекқорынан біліңіз.
5 қыркүйекте әлемде қандай қызықты оқиғалар болды
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні. Бұл күн Қазақстандағы барлық этностың тілдерін құрметтеуге, тіл мәдениетін дамытуға және мемлекеттік тіл – қазақ тілінің мәртебесін арттыруға арналған.
Бүгін – Өзара сыйластық күні. Сыншылдар өзара сүйіспеншіліктің болуы мүмкін емес деп дәлелдеуге тырысса да, шын мәнісінде, бәрі басқаша. Өйткені өмірде өзара сыйластық, достық сияқты кіршіксіз сезімдер жоғалған жоқ. Сол себепті бүгінгі мерекені жақын-жуығыңызбен атап өтіңіз.
Сонымен бірге, бүгін – Қызғылт сары күн. Яғни, күз мерекесі. Ағаштардан толассыз түсіп жатқан күрең қызыл жапырақтардың күні. Мамыражай тыныштық пен күннің жылы шуағы өткен жазды еске салып, айнала біртіндеп қызғылт сары түске еніп барады.
Оның үстіне, қызғылт сары түс адамның эмоциясын сыртқа шығарып, өз-өзіне деген сенімділігін арттырады, жақсы көңілкүй сыйлайды.
Бүгін әлемде – Халықаралық қайырымдылық күні, БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 2013 жылдан бері тойланып келеді, ал осы мерекенің бастамашысы болған Венгрия елі. Бұл күн Тереза ананың қайтыс болған күнімен орайластырылған екен.
Үндістанда Ұстаз күні аталып өтеді.
5 қыркүйекте болған тарихи оқиғалар
1781 жылы испандар қазіргі АҚШ аумағында Лос-Анджелес қаласының негізін қалады;
1905 жылы Ресей мен Жапония арасында Портсмут бітіміне қол қойылып, Орыс-жапон соғысы аяқталды;
1958 жылы АҚШ-та алғаш рет Борис Пастернактың "Доктор Живаго" романы жарық көрді;
1972 жылы Мюнхен Олимпиадасында палестиналық лаңкестер Израиль спортшыларын кепілге алды;
1977 жылы "Вояджер-1" автоматты планетаралық станциясы іске қосылды;
1981 жылы Азияда бірінші рет науқас ЖИТС-тен көз жұмды;
1986 жылы Австралияда өлім жазасы алынып тасталды;
5 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1933 жылы Алматыда М. Лермонтов атындағы республикалық драма театры ашылды;
1986 жылы "Қарағанды-Орталық" атты жаңа әуежай ресми түрде ашылды;
1991 жылы Семей ядролық полигонын жабу туралы шешім қабылданды;
2001 жылы Павлодарда Мәшһүр Жүсіп атындағы мешіт ашылды.
5 қыркүйекте туған танымал тұлғалар
1568 жылы италиялық философ, теолог әрі ақын Томмазо Кампанелла дүниеге келді;
1638 жылы француз королі, "Күн королі" атанған Людовик XIV дүниеге келді;
1774 жылы неміс суретшісі, романтизм өкілі Каспар Давид Фридрих дүниеге келді;
1817 жылы ақын, жазушы әрі драматург және Козьма Прутковты ойлап тапқандардың бірі — граф Алексей Толстой ("Дон Жуан", "Князь Серебряный") дүниеге келді;
1929 жылы кеңестік ғарышкер, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Андриян Николаев дүниеге келді;
1945 жылы шотландиялық әнші әрі композитор Эл Стюарт дүниеге келді;
1946 жылы британдық рок-музыкант, Queen тобының көшбасшысы Фредди Меркьюри дүниеге келді;
1951 жылы америкалық актер Майкл Китон ("Бэтмен", "Бэтменнің оралуы", "Шұғыл шаралар") дүниеге келді;
1970 жылы ресейлік музыкант, әнші, "Дискотека Авария" тобының солисті Алексей Рыжков дүниеге келді.
5 қыркүйекте Қазақстанда кімдер дүниеге келді
1924 жылы қазақ композиторы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Сыдық Мұхамеджанов дүниеге келді;
1930 жылы жазушы, аудармашы, әдебиеттанушы, филология ғылымының кандидаты, доцент Сейділда Ордалиев дүниеге келді;
1954 жылы Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейінің директоры қызметін атқарған Нұрсән Әлімбай дүниеге келді;
1957 жылы Парламент Мәжілісінің экс-депутаты Ілияс Бұларов дүниеге келді;
1963 жылы мемлекет қайраткері, Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары болған Мұхтар Ерман дүниеге келді.