https://sputnik.kz/20260904/zalal-50-mln-tenge-aqmola-oblysynda-fermer-memleketten-zansyz-subsidiya-algan-66372743.html
Ақмола облысында фермер мемлекеттен заңсыз 50 млн теңге субсидия алған
Ақмола облысында фермер мемлекеттен заңсыз 50 млн теңге субсидия алған
Sputnik Қазақстан
Кооператив директорына қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды 04.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-04T10:42+0500
2026-09-04T10:42+0500
2026-09-04T10:43+0500
ақмола облысы
субсидиялар
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35385578_0:133:1280:853_1920x0_80_0_0_2535191cee51c379fd0d6cd8ab1e2419.jpg
АСТАНА, 4 қыркүйек — Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі Ақмола облысы бойынша мал шаруашылығын дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.Атап айтқанда, 57 асыл тұқымды тұқымдық бұқа бар деген жалған мәліметтің негізінде бюджеттен 9 млн теңге аударылған. Кейін осы деректерге сүйеніп, іс жүзінде жүргізілмеген селекциялық жұмыстарға тағы 17 млн теңге бөлінген.Бұдан бөлек, төрт өтінімде аналық мал саны 3 мың басқа артық көрсетілген. Соның салдарынан тағы 27 млн теңге субсидия негізсіз алынған. Мемлекетке келтірілген залал 50 млн теңгеден асты.Кооператив директорына қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасып жатыр.
https://sputnik.kz/20260817/ozderin-qarzhylyq-monitoring-agenttiginin-qyzmetkerleri-dep-tanystyrgandar-qamauga-alyndy-65761132.html
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35385578_143:0:1280:853_1920x0_80_0_0_3ce938679e73f5d707ce6ae1f11a5142.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы, субсидиялар
ақмола облысы, субсидиялар
Ақмола облысында фермер мемлекеттен заңсыз 50 млн теңге субсидия алған
10:42 04.09.2026 (жаңартылды: 10:43 04.09.2026) Кооператив директорына қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды
АСТАНА, 4 қыркүйек — Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі Ақмола облысы бойынша мал шаруашылығын дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
"Тергеу деректеріне сәйкес, "Медина" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің директоры мен Шортанды аудандық ветеринариялық станциясының басшысы ақпараттық жүйеге ірі қара мал саны туралы жалған мәлімет енгізіп, мемлекеттік субсидияны заңсыз алуды ұйымдастырған, - дейді Қаржылық мониторинг агенттігі.
Атап айтқанда, 57 асыл тұқымды тұқымдық бұқа бар деген жалған мәліметтің негізінде бюджеттен 9 млн теңге аударылған. Кейін осы деректерге сүйеніп, іс жүзінде жүргізілмеген селекциялық жұмыстарға тағы 17 млн теңге бөлінген.
Бұдан бөлек, төрт өтінімде аналық мал саны 3 мың басқа артық көрсетілген. Соның салдарынан тағы 27 млн теңге субсидия негізсіз алынған. Мемлекетке келтірілген залал 50 млн теңгеден асты.
Кооператив директорына қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасып жатыр.