Ұлттық қордан қосымша 5 трлн теңге алынса, балалардың төлемі азайып қалмай ма?

© Sputnik / Абзал КалиевТенге, монеты
Тенге, монеты - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2026
Жазылу
Үкіметтің болжамына сәйкес, 2029 жылы Ұлттық қордың активтері өседі
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Ұлттық қордан қосымша 5 трлн теңге алынған жағдайда балаларға берілетін төлемнің көлемі азаймайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Республикалық бюджет жобасына сәйкес, алдағы үш жылда Ұлттық қордан 6,86 трлн теңге кепілдендірілген трансфертке қоса, тағы 5 трлн теңге нысаналы трансферт алу жоспарланып отыр. Қосымша қаражат аса маңызды нысандар мен жобаларды қаржыландыруға жұмсалады.
Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, Ұлттық қордан қосымша 5 трлн теңге алынғанның өзінде балаларға жыл сайын төленетін қаражат азаймайды.
"5 трлн теңге үш жылдың ішінде алынады. Үкіметтің болжамына сәйкес, 2029 жылы Ұлттық қордың активтері өседі. Демек, қор бәрібір өседі, ал біз жауап беретін инвестициялық табыс та артады. Балалардың есепшотына түсетін сомалар да өседі", – деді Сүлейменов Астанада өткен брифингте.
Айта кетері, осы жылдың басында әрбір баланың есепшотына 130 доллар түскен болатын.
Тимур Сүлейменов, Ұлттық банк төрағасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2026
Ұлттық банк басшысы доллармен ақша ұстайтындар қалай ұтылғанын айтты
Жаңалықтар
0