Тоқаев жаңа мәдениет және ақпарат министріне бірқатар міндет жүктеді

© Пресс-служба президента КазахстанаТоқаев жаңа Мәдениет және ақпарат министріне бірқатар міндет жүктеді
Тоқаев жаңа Мәдениет және ақпарат министріне бірқатар міндет жүктеді - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2026
Жазылу
Мемлекет басшысы Қазақстан мәдениетін халықаралық аренада дәріптеудің маңызын атап өтті
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады.
"Кездесу барысында мемлекет басшысы мәдениет және ақпарат министрлігі қызметінің басым бағыттарын айқындап, ведомство алдына бірқатар нақты міндет қойды", - деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.
Президент келесідей міндеттерді жүктеді:
мәдениет пен креативті индустрияны одан әрі дамытуды;
тарихи-мәдени мұраны сақтап, кеңінен насихаттау жұмыстарын күшейтуді;
Қазақстан мәдениетін халықаралық аренада дәріптеуді;
отандық ақпарат кеңістігін жандандыруға, соның ішінде заң жобалау жұмысын заманауи цифрлық тәуекелдерді ескере отырып жетілдіруді;
қоғамдық келісімді нығайту жұмыстарын дәйекті түрде жалғастыру, жастардың жасампаз әлеуетін жүзеге асыруына жағдай жасау міндетін жүктеді.
Арман Қырықбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2026
Арман Қырықбаев мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды
Жаңалықтар
0