https://sputnik.kz/20260904/suleymenov-nelikten-bazalyq-molsherlemeni-tomendetu-turaly-sheshim-qabyldanganyn-tusindirdi-66389444.html
Сүлейменов неліктен базалық мөлшерлемені төмендету туралы шешім қабылданғанын түсіндірді
Сүлейменов неліктен базалық мөлшерлемені төмендету туралы шешім қабылданғанын түсіндірді
Sputnik Қазақстан
Басты мақсат – 2028 жылы инфляцияны тұрақты түрде шамамен 5%-ға төмендету 04.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-04T17:13+0500
2026-09-04T17:13+0500
2026-09-04T18:04+0500
базалық мөлшерлеме
ұлттық банк
тимур сүлейменов
https://sputnik.kz/img/07ea/09/04/66383808_0:45:1485:880_1920x0_80_0_0_67b8aea0f38f6906f552fa084fb9a4f3.jpg
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендету туралы шешімге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Инфляция төмендедіОның айтуынша, Ұлттық банк шешіміне бірнеше фактор әсер еткен. Азық-түлік инфляциясы 9,5%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсуі 11,4%-ға, ал сервистік инфляция 8,9%-ға дейін баяулады. Сонымен қатар халықтың инфляциялық болжамдары да төмендеген. Шілдеде бір жылдық кезеңге арналған инфляциялық болжам 13,4%-дан 12,1%-ға дейін азайды.Дегенмен Ұлттық банк басшысы инфляциялық тәуекелдер әлі де жоғары екенін атап өтті. Сондықтан ақша-кредит саясатының ұстамды қатаң бағытын сақтау қажет.Экономикалық өсім сақталды2026 жылдың қаңтар–шілде айларында Қазақстан экономикасы 4,1%-ға өсті. Мұнайға жатпайтын сектордағы өсім жоғары болып, тау-кен өндіру секторын есептемегенде ЖІӨ өсімі 5,4% деңгейінде бағаланды.Инвестициялық белсенділік те жоғары деңгейде. Негізгі капиталға салынған инвестиция 7,7%-ға, ал мемлекеттік бюджеттен бөлінген инвестицияны есептемегенде 19%-ға артқан.Сыртқы тәуекелдер сақталып отырҰлттық банк басшысы сыртқы инфляциялық қысымның әлі де бар екенін жасырмады. Геосаяси шиеленістер әлемдік азық-түлік және энергия бағаларына әсер етіп жатыр. Мұнай нарығындағы жағдай да белгісіз күйінде қалып отыр.Базалық сценарий бойынша мұнай бағасы 2026 жылы барреліне 89 доллар, 2027 жылы 75 доллар, 2028 жылы 65 доллар деңгейінде болжанған.Инфляция болжамы өзгерген жоқ2026 жылға арналған инфляция болжамы 9–11% деңгейінде сақталды. Ал 2027 жылы инфляция 6,5–8,5% аралығында болады деп болжанып отыр. Бұған сыртқы инфляциялық қысым, реттелетін бағаларға қатысты өзгерістер және фискалдық ынталандырудың артуы әсер етеді. Еске сала кетейік, бүгін Ұлттық банк базалық мөлшерлеме 16,75%-дан 16,25% -ға төмендетілгенін хабарлады.2026 жылға арналған инфляция болжамы өзгеріссіз қалды: көрсеткіш 9–11% аралығында болады деп болжанып отыр. Базалық сценарий бойынша 2026 жылға арналған ЖІӨ өсімінің болжамы да өзгермейді, 4,5–5,5% деңгейінде бағаланған.
https://sputnik.kz/20260904/ulttyq-bank-bazalyq-molsherlemege-qatysty-sheshim-qabyldady-66368513.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/09/04/66383808_127:0:1359:924_1920x0_80_0_0_77537095aadd71a35df95deac3d3c723.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
базалық мөлшерлеме, ұлттық банк, тимур сүлейменов
базалық мөлшерлеме, ұлттық банк, тимур сүлейменов
Сүлейменов неліктен базалық мөлшерлемені төмендету туралы шешім қабылданғанын түсіндірді
17:13 04.09.2026 (жаңартылды: 18:04 04.09.2026) Басты мақсат – 2028 жылы инфляцияны тұрақты түрде шамамен 5%-ға төмендету
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендету туралы шешімге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Оның айтуынша, Ұлттық банк шешіміне бірнеше фактор әсер еткен.
"Тамыз айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция 9,8%-ға дейін төмендеп, 11 ай қатарынан бәсеңдеді. Бұған ақша-кредит саясаты, теңгенің нығаюы, тұтынушылық сұраныстың тұрақтануы және инфляцияға қарсы қабылданған шаралар ықпал етті", - дейді Сүлейменов.
Азық-түлік инфляциясы 9,5%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсуі 11,4%-ға, ал сервистік инфляция 8,9%-ға дейін баяулады. Сонымен қатар халықтың инфляциялық болжамдары да төмендеген. Шілдеде бір жылдық кезеңге арналған инфляциялық болжам 13,4%-дан 12,1%-ға дейін азайды.
Дегенмен Ұлттық банк басшысы инфляциялық тәуекелдер әлі де жоғары екенін атап өтті. Сондықтан ақша-кредит саясатының ұстамды қатаң бағытын сақтау қажет.
Экономикалық өсім сақталды
2026 жылдың қаңтар–шілде айларында Қазақстан экономикасы 4,1%-ға өсті. Мұнайға жатпайтын сектордағы өсім жоғары болып, тау-кен өндіру секторын есептемегенде ЖІӨ өсімі 5,4% деңгейінде бағаланды.
"Өсім әсіресе құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, көлік және қойма салаларында байқалды. Ішкі сұраныс та тұрақты қалып отыр: қаңтар–шілдеде бөлшек сауда көлемі 4,1%-ға өсті", - деп толықтырды Сүлейменов.
Инвестициялық белсенділік те жоғары деңгейде. Негізгі капиталға салынған инвестиция 7,7%-ға, ал мемлекеттік бюджеттен бөлінген инвестицияны есептемегенде 19%-ға артқан.
Сыртқы тәуекелдер сақталып отыр
Ұлттық банк басшысы сыртқы инфляциялық қысымның әлі де бар екенін жасырмады. Геосаяси шиеленістер әлемдік азық-түлік және энергия бағаларына әсер етіп жатыр. Мұнай нарығындағы жағдай да белгісіз күйінде қалып отыр.
Базалық сценарий бойынша мұнай бағасы 2026 жылы барреліне 89 доллар, 2027 жылы 75 доллар, 2028 жылы 65 доллар деңгейінде болжанған.
Инфляция болжамы өзгерген жоқ
2026 жылға арналған инфляция болжамы 9–11% деңгейінде сақталды. Ал 2027 жылы инфляция 6,5–8,5% аралығында болады деп болжанып отыр. Бұған сыртқы инфляциялық қысым, реттелетін бағаларға қатысты өзгерістер және фискалдық ынталандырудың артуы әсер етеді.
"Біздің мақсатымыз инфляцияны жай ғана 10%-дан төмен түсіру емес. Басты мақсат – 2028 жылы инфляцияны тұрақты түрде шамамен 5%-ға төмендету. Бұл межеге жеткенше ақша-кредит саясатының қалыпты қатаң бағытын сақтау, сын-қатер теңгерімін мұқият бақылау және жағдай өзгерген кезде дер кезінде әрекет ету өте маңызды", - дейді Сүлейменов.
Еске сала кетейік, бүгін Ұлттық банк базалық мөлшерлеме 16,75%-дан 16,25% -ға төмендетілгенін
хабарлады.2026 жылға арналған инфляция болжамы өзгеріссіз қалды: көрсеткіш 9–11% аралығында болады деп болжанып отыр. Базалық сценарий бойынша 2026 жылға арналған ЖІӨ өсімінің болжамы да өзгермейді, 4,5–5,5% деңгейінде бағаланған.