https://sputnik.kz/20260904/shygys-ekonomikalyq-forumda-767-mlrd-dollardyn-kelisimderi-rasimdeldi-66377612.html
Шығыс экономикалық форумында 76,7 млрд доллардың келісімдері рәсімделді
Шығыс экономикалық форумында 76,7 млрд доллардың келісімдері рәсімделді
Sputnik Қазақстан
Форумға 78 елден 7 мыңнан астам адам қатысып жатыр 04.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-04T13:15+0500
2026-09-04T13:15+0500
2026-09-04T14:28+0500
форум
келісім
https://sputnik.kz/img/07ea/09/04/66372799_38:270:3165:2029_1920x0_80_0_0_8d05b42f6705afcf29f252600363a7e2.jpg
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Шығыс экономикалық форум аясында үш күннің ішінде 6,6 трлн рубль (76,7 млрд доллар немесе 34,9 трлн теңге) көлемінде 285 келісімшартқа қол қойылды. Бұл туралы Ресей үкіметі басшысының орынбасары Юрий Трутнев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Ресми мәліметке сәйкес, форумға 78 елден 7 мыңнан астам адам келген. Басым бөлігі - Қытай, Индонезия, Жапония, Вьетнам, Корея, Үндістан мен Мьянма өкілдері. Олар форума аясында 150-ден астам іскерлік шараға қатысты. Ірі келісімшарттардың ішінде Саха Республикасындағы (Якутия) "Мохэ-Найба" халықаралық көлік дәлізін құру, Арктика мен Трансарктикалық көлік дәлізін дамыту жобалары бар. Бұдан бөлек, Ресей президенті Владимир Путиннің қатысуымен тау-кен, газ-химия, логистика мен энергетика бойынша 9 жаңа кәсіпорын іске қосылды. "Шығыс экономикалық форумы біз үшін ғана емес, біздің серіктестеріміз үшін де жылдың маңызды іскерлік шараларының біріне айналды. Себебі бұл жердегі шешімдерді әлемнің 80 елінен келген әріптестеріміз де талқылайды", - деді Кобяков .
https://sputnik.kz/20260903/shygys-ekonomikalyq-forumynda-69-mlrd-dollardyn-kelisimderine-qol-qoyyldy-66361259.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/09/04/66372799_317:194:2789:2048_1920x0_80_0_0_c3898515fb817ec30e8c6650eab05003.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
форум, келісім
Шығыс экономикалық форумында 76,7 млрд доллардың келісімдері рәсімделді
13:15 04.09.2026 (жаңартылды: 14:28 04.09.2026) Форумға 78 елден 7 мыңнан астам адам қатысып жатыр
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Шығыс экономикалық форум аясында үш күннің ішінде 6,6 трлн рубль (76,7 млрд доллар немесе 34,9 трлн теңге) көлемінде 285 келісімшартқа қол қойылды. Бұл туралы Ресей үкіметі басшысының орынбасары Юрий Трутнев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, форумға 78 елден 7 мыңнан астам адам келген. Басым бөлігі - Қытай, Индонезия, Жапония, Вьетнам, Корея, Үндістан мен Мьянма өкілдері. Олар форума аясында 150-ден астам іскерлік шараға қатысты. Ірі келісімшарттардың ішінде Саха Республикасындағы (Якутия) "Мохэ-Найба" халықаралық көлік дәлізін құру, Арктика мен Трансарктикалық көлік дәлізін дамыту жобалары бар.
"Бұл - үлкен жұмыс. Қаржының көлемі де көп. Осы жобалар Таяу Шығыстың дамуына тың серпін береді", – дейді Трутнев.
Бұдан бөлек, Ресей президенті Владимир Путиннің қатысуымен тау-кен, газ-химия, логистика мен энергетика бойынша 9 жаңа кәсіпорын іске қосылды.
"Шығыс экономикалық форумы біз үшін ғана емес, біздің серіктестеріміз үшін де жылдың маңызды іскерлік шараларының біріне айналды. Себебі бұл жердегі шешімдерді әлемнің 80 елінен келген әріптестеріміз де талқылайды", - деді Кобяков .