Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан жалпыкомандалық есепте көш бастады

© Photo : Туризм және спорт министрлігіVI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2026
Жазылу
4 қыркүйектегі жағдай бойынша ел спортшылары 55 медаль жеңіп алды
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының аралық қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орында тұр, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
4 қыркүйектегі жағдай бойынша ел спортшылары 55 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 25 алтын, 13 күміс және 17 қола медаль бар.
"Екінші орында Қырғызстан құрамасы келеді. Қырғыз спортшыларының қоржынында 58 медаль бар: 23 алтын, 24 күміс және 11 қола. Үшінші орынды Ресей құрамасы (4 алтын, 6 күміс және 13 қола) иеленіп отыр", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта Қазақстан өкілдері Ойындар бағдарламасына енгізілген 42 спорт түрінің 31-і бойынша жарыстарға қатысып үлгерді.
Қазақстандық спортшылар аударыспақ, қазақ күресі, алыш, армрестлинг, самбо, арқан тарту, дәстүрлі садақ ату, ат жарыстары, құсбегілік және басқа да спорт түрлерінен жүлдеге ие болды.
Жарыстар әлі де жалғасып жатқандықтан, командалардың медаль есебіндегі орындары өзгеруі мүмкін. Қазақстан спортшылары әлі де 11 спорт түрінен сынға түседі.
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің 113 елінен шамамен 3 мың спортшы қатысып жатыр.

Всемирные игры кочевников - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2026
VII Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Татарстанда өтуі мүмкін
Жаңалықтар
0