Дауласып, сотқа жүгінетіндер саны күрт артты

© Sputnik / Андрей Старостин / Медиабанкке өтуСудебный молоток
Судебный молоток - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2026
Жазылу
Алматыда бұл көрсеткіш 2025 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 32,1%-ға өскен
АЛМАТЫ, 4 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда азаматтық-құқықтық даулар саны күрт өсті, деп хабарлайды Finprom.kz.
Бас прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің деректеріне сәйкес, биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында қазақстандықтар, түрлі заңды тұлғалар мен компаниялар 506,1 мыңға жуық азаматтық талап-арыз берген. Бұл өткен жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда едәуір көп.
Соңғы он жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда, биыл сотқа жүгінгендер саны рекордтық деңгейге жетті. Әсіресе Алматы алда тұр.
"Әрбір төртінші азаматтық талап Алматыға тиесілі. Абсолюттік мәнде бұл – 122,6 мың талап-арыз. Көрсеткіш 2025 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 32,1%-ға өскен", - деп жазды портал.
Қалған өңірлерде, тіпті ірі қалаларда да талап-арыз саны салыстырмалы түрде айтарлықтай аз. Мәселен, Шымкентте 44,2 мың, Астанада 35,7 мың талап-арыз тіркелген.
Азаматтық талап-арыз саны ең аз өңірлер қатарында Ұлытау және Солтүстік Қазақстан облыстары бар.
Жалпы, сотқа жүгінетіндер қатары 2020 жылдан бері артып келеді. Бес жыл ішінде азаматтық талап-арыз саны екі есеге артқан.
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2026
"Нұр-Мұқасан" төңірегіндегі дау: сот үкімі шықты
Жаңалықтар
0