https://sputnik.kz/20260904/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-bolady-4-qyrkuyek-66355674.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 4 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 4 қыркүйек
Sputnik Қазақстан
4 қыркүйекте не болғанын білесіз бе? 04.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-04T00:01+0500
2026-09-04T00:01+0500
2026-09-04T00:01+0500
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
қызықты деректер
https://sputnik.kz/img/1138/19/11381913_60:0:2940:1620_1920x0_80_0_0_52e1f4a9d72c3b53aaca774d0a54a7ba.jpg
Бұл күннің несімен ерекшеленетінін Sputnik дерекқорынан оқыңыз.4 қыркүйекте әлемде болған қызықты оқиғаларБұл күні бірқатар тамаша әрі айрықша мереке тойланады. Мысалы, Қызыққұмарлар күнін атап өтсе болады. Немесе Бейтаныс жолдар күні! Ең қызығы, осы мерекелердің бәрін қосып, жақсылап тұрып көңіл көтерген абзал. Өйткені 4 қыркүйек күні әлемде Көңіл көтеру күні аталып өтеді.Сонымен бірге, бүгін — "Что? Где? Когда?" телеойынының туған күні. Танымал телешоу 1975 жылы алғаш рет шыққан. Бұл бағдарламаның көпшілікке танылуына Владимир Ворошилов үлкен үлес қосты. Оның айрықша келбеті, "білгірлер" мен "көрермендерді" жарыстыра білуі және қатысушыларға "түйткілді сұрақтар" қоюы ойынның қызығын арттыра түсіп, жоғары жетістікке жеткізді.Арменияда бүгін Құтқарушылар күні тойланып жатыр. Ресейде – Ядролық қамсыздандыру бойынша мамандардың кәсіби мерекесі. Әлемде – Халықаралық тхэквондо күні.4 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар1781 жылы АҚШ-та Лос-Анджелес қаласының негізі қаланды;1882 жылы Нью-Йоркте Томас Эдисонның алғашқы коммерциялық электр станцияларының бірі іске қосылды; 1888 жылы Джордж Истман Kodak атауын тіркеді;1944 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Бельгияның Антверпен қаласы азат етілді;1957 жылы "ТУ-104А" кеңестік реактивті жолаушылар ұшағы алғаш рет Мәскеу– Нью-Йорк рейсін орындады;1959 жылы капрон шұлықтар алғаш сатылымға шығарылды;1972 жылы америкалық жүзгіш Марк Спитц бір Олимпиадада жетінші алтын медалін жеңіп алып, тарихи рекорд орнатты;1991 жылы Свердловск атауы Екатеринбург болып өзгертілді;1998 жылы Google трансұлттық корпорациясы құрылды;4 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар1953 жылы Қарағанды политехникалық институты ашылды;1992 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қазақ тіліндегі "Сақшы" газетінің алғашқы нөмірі жарық көрді.1996 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің ғимараты салынды.2007 жылы Астанада Қазақстандағы украин диаспорасына арналған "Вести Украины" газетінің алғашқы нөмірі жарық көрді;2009 жылы Прагада Чехия Республикасындағы Қазақстан халықтарының мәдениеті күндерінің ресми ашылуы болды. 4 қыркүйекте дүниеге келген танымал тұлғалар1768 жылы француз жазушысы, саясаткер және дипломат Шатобриан дүниеге келді;1824 жылы австриялық композитор, органист Антон Брукнер дүниеге келді;1908 жылы америкалық жазушы, "Ұлы ұл" романының авторы Ричард Райт дүниеге келді;1927 жылы жасанды интеллект саласының негізін қалаушылардың бірі, америкалық ғалым Джон Маккарти дүниеге келді;1929 жылы ресейлік театр және кино актрисасы Нина Ургант ("Укротительница тигров", "Белорусский вокзал") өмірге келді. Атақты шоумен Иван Урганттың әжесі;1937 жылы Олимпиада чемпионы, австралиялық жүзгіш Доун Фрейзер дүниеге келді1956 жылы кеңестік футболшы, жартылай қорғаушы, КСРО-ның халықаралық деңгейдегі спорт шебері Сергей Шавло дүниеге келді;1962 жылы Нобель сыйлығының лауреаты, жапониялық ғалым Синъя Яманака дүниеге келді;1968 жылы америкалық бейсболшы, Даңқ залының мүшесі Майк Пьяцца дүниеге келді; 1981 жылы америкалық R&B әндерін орындаушы, биші және сәнгер Бейонсе дүниеге келді.4 қыркүйекте Қазақстанда кімдер дүниеге келді?1928 жылы танымал геолог, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дубек Дүйсенбеков дүниеге келді;1942 жылы жазушы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Төлен Әбдіков өмірге келді;1948 жылы ақын, Қазақстан Республикасының 1992 жылы қабылданған мемлекеттік әнұранының мәтінін жазған авторлардың бірі Жадыра Дәрібаева дүниеге келді;1986 жылы актер, сценарист және режиссер Азамат Әбділдинов дүниеге келді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1138/19/11381913_420:0:2580:1620_1920x0_80_0_0_093ae020be07ee457124f416d29a24e1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 4 қыркүйек
4 қыркүйекте не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен ерекшеленетінін
Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
4 қыркүйекте әлемде болған қызықты оқиғалар
Бұл күні бірқатар тамаша әрі айрықша мереке тойланады. Мысалы, Қызыққұмарлар күнін атап өтсе болады. Немесе Бейтаныс жолдар күні! Ең қызығы, осы мерекелердің бәрін қосып, жақсылап тұрып көңіл көтерген абзал. Өйткені 4 қыркүйек күні әлемде Көңіл көтеру күні аталып өтеді.
Сонымен бірге, бүгін — "Что? Где? Когда?" телеойынының туған күні. Танымал телешоу 1975 жылы алғаш рет шыққан. Бұл бағдарламаның көпшілікке танылуына Владимир Ворошилов үлкен үлес қосты. Оның айрықша келбеті, "білгірлер" мен "көрермендерді" жарыстыра білуі және қатысушыларға "түйткілді сұрақтар" қоюы ойынның қызығын арттыра түсіп, жоғары жетістікке жеткізді.
Арменияда бүгін Құтқарушылар күні тойланып жатыр. Ресейде – Ядролық қамсыздандыру бойынша мамандардың кәсіби мерекесі. Әлемде – Халықаралық тхэквондо күні.
4 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар
1781 жылы АҚШ-та Лос-Анджелес қаласының негізі қаланды;
1882 жылы Нью-Йоркте Томас Эдисонның алғашқы коммерциялық электр станцияларының бірі іске қосылды;
1888 жылы Джордж Истман Kodak атауын тіркеді;
1944 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Бельгияның Антверпен қаласы азат етілді;
1957 жылы "ТУ-104А" кеңестік реактивті жолаушылар ұшағы алғаш рет Мәскеу– Нью-Йорк рейсін орындады;
1959 жылы капрон шұлықтар алғаш сатылымға шығарылды;
1972 жылы америкалық жүзгіш Марк Спитц бір Олимпиадада жетінші алтын медалін жеңіп алып, тарихи рекорд орнатты;
1991 жылы Свердловск атауы Екатеринбург болып өзгертілді;
1998 жылы Google трансұлттық корпорациясы құрылды;
4 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1953 жылы Қарағанды политехникалық институты ашылды;
1992 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қазақ тіліндегі "Сақшы" газетінің алғашқы нөмірі жарық көрді.
1996 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің ғимараты салынды.
2007 жылы Астанада Қазақстандағы украин диаспорасына арналған "Вести Украины" газетінің алғашқы нөмірі жарық көрді;
2009 жылы Прагада Чехия Республикасындағы Қазақстан халықтарының мәдениеті күндерінің ресми ашылуы болды.
4 қыркүйекте дүниеге келген танымал тұлғалар
1768 жылы француз жазушысы, саясаткер және дипломат Шатобриан дүниеге келді;
1824 жылы австриялық композитор, органист Антон Брукнер дүниеге келді;
1908 жылы америкалық жазушы, "Ұлы ұл" романының авторы Ричард Райт дүниеге келді;
1927 жылы жасанды интеллект саласының негізін қалаушылардың бірі, америкалық ғалым Джон Маккарти дүниеге келді;
1929 жылы ресейлік театр және кино актрисасы Нина Ургант ("Укротительница тигров", "Белорусский вокзал") өмірге келді. Атақты шоумен Иван Урганттың әжесі;
1937 жылы Олимпиада чемпионы, австралиялық жүзгіш Доун Фрейзер дүниеге келді
1956 жылы кеңестік футболшы, жартылай қорғаушы, КСРО-ның халықаралық деңгейдегі спорт шебері Сергей Шавло дүниеге келді;
1962 жылы Нобель сыйлығының лауреаты, жапониялық ғалым Синъя Яманака дүниеге келді;
1968 жылы америкалық бейсболшы, Даңқ залының мүшесі Майк Пьяцца дүниеге келді;
1981 жылы америкалық R&B әндерін орындаушы, биші және сәнгер Бейонсе дүниеге келді.
4 қыркүйекте Қазақстанда кімдер дүниеге келді?
1928 жылы танымал геолог, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дубек Дүйсенбеков дүниеге келді;
1942 жылы жазушы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Төлен Әбдіков өмірге келді;
1948 жылы ақын, Қазақстан Республикасының 1992 жылы қабылданған мемлекеттік әнұранының мәтінін жазған авторлардың бірі Жадыра Дәрібаева дүниеге келді;
1986 жылы актер, сценарист және режиссер Азамат Әбділдинов дүниеге келді.