Білек сүйегі сынған: Солтүстік Қазақстанда екі жұмысшы элеваторда ауыр жарақат алды

© Photo : акимат Атырауской области Солтүстік Қазақстанда екі жұмысшы элеваторда ауыр жарақат алды
Солтүстік Қазақстанда екі жұмысшы элеваторда ауыр жарақат алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2026
Жазылу
Жұмысшыларды элеватор лентасы тартып кеткен
АЛМАТЫ, 4 қыркүек - Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Дубровное ауылында элеваторда екі жұмысшы жарақат алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға 3 қыркүйек күні түстен кейін "Мамлютская" Агрофирма "ЖШС кәсіпорнында болған.
Жұмысшыларды элеватор лентасы тартып кеткен. Зардап шеккендердің екеуі де дәнекерлеуші болып жұмыс істейді.

"1983 жылғы науқастың сол жақ аяғы екі жерден сынған. Ота жасалды, жағдайы тұрақты ауыр. 1985 жылғы науқастың екі білек сүйегі ашық сынған. Ампутация жүргізілді. Жағдайы тұрақты ауыр", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Екі ер адамның жарақаттану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, дейді полиция.
"3 қыркүйекте астық кептіру жабдығында жұмыстарды орындау кезінде қызметкерлердің бірі аяғынан жарақат алған. Оған көмек көрсетуге тырысқан екінші жұмысшы да жарақат алған", - дейді облыстық полиция департаменті.
Нұрасыл Жаңабаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2026
"Аяғым тайып кетті": Семейде студент абайсызда қолынан айырылды
Жаңалықтар
0