Алматыда магнит жұтып қойған 5 жасар қыздың асқазан-ішек жолында асқыну пайда болған

© Photo : Денсаулық сақтау министрлігіАлматыда магнит жұтып қойған 5 жасар қыздың асқазан-ішек жолында асқыну пайда болған
Алматыда магнит жұтып қойған 5 жасар қыздың асқазан-ішек жолында асқыну пайда болған  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2026
Жазылу
Асқазанда орналасқан бір магнит пен аш ішектегі екі магнит бір-біріне қабырғалар арқылы тартылған
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Алматыда 5 жастағы баланы жұтып қойған үш магнит сирек кездесетін асқынуға әкелді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Сирек әрі қауіпті асқыну салдарынан балалар ауруханасында балаға ота жасалды.
Магниттер ұзақ уақыт бойы асқазан-ішек жолында болған. Күшті магниттік тартылыс әсерінен асқазанда орналасқан бір магнит пен аш ішектегі екі магнит бір-біріне қабырғалар арқылы тартылған.
© Photo : Денсаулық сақтау министрлігіАлматыда магнит жұтып қойған 5 жасар қыздың асқазан-ішек жолында асқыну пайда болған
Алматыда магнит жұтып қойған 5 жасар қыздың асқазан-ішек жолында асқыну пайда болған  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2026
Алматыда магнит жұтып қойған 5 жасар қыздың асқазан-ішек жолында асқыну пайда болған

"Операция барысында хирургтар өте сирек кездесетін асқынуды анықтады. Асқазан мен аш ішек арасында патологиялық байланыс (магниттік жыланкөз) қалыптасқан. Ұзақ уақыт бойы болған қысым тіндердің зақымдануына және ойылуына әкелген", - дейді министрлік.

Хирург отаны бастапқыда лапароскопиялық әдіспен бастаған. Алайда зақымданудың сипаты анықталғаннан кейін баланың қауіпсіздігі үшін ашық операция жасауға шешім қабылданған.
"Жыланкөз жойылып, үш магниттің барлығы алынды. Зақымданған тіндер кесіліп, тігіліп қалпына келтірілді. Құрсақ қуысына санация жасалып, дренаж қойылды", - дейді дәрігерлер.
Операция сәтті аяқталып, жүргізілген емнен кейін баланың жағдайы жақсарған. Ауруханадан шығарылған кезде оның жалпы жағдайы қанағаттанарлық болды, дейді хирург.

Дәрігерлер балалар үшін шағын магнитті ойыншықтардың қауіпті екенін еске салды.

"Бірнеше магнит жұтылған жағдайда олар асқазан-ішек жолының әртүрлі бөліктерінің қабырғалары арқылы бір-біріне тартылып, ойық жаралардың, тесілулердің, жыланкөздердің, ішек өтімсіздігінің және перитониттің дамуына себеп болуы мүмкін", – дейді дәрігерлер.
31 магнит жұтқан балаға дәрігерлер жедел операция жасады - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2026
Алматыда 31 магнит жұтып қойған балаға ота жасалды
Жаңалықтар
0