Тоқаев ішкі істер министрін тағайындады

© Photo : Пресс-служба МВД РКЕржан Сәденов
Ержан Сәденов - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2026
Жазылу
Ержан Сәденов бұл лауазымға 2023 жылдың 2 қыркүйегінде тағайындалған болатын
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Ержан Сәденовты Ішкі істер министрі етіп қайта тағайындады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған жарлықта.
Ержан Сәденов бұл лауазымға 2023 жылдың 2 қыркүйегінде тағайындалған болатын. Сол кезде ол Марат Ахметжановтың орнына қызметке келді.

Ержан Сәденов кім

Полиция генерал-майоры Ержан Сәденов 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Құйған ауылында дүниеге келген.
1993 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 1998 жылы ҚР ҰҚК Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған. Қызмет жолын 1993 жылы Шығыс Қазақстан облысы ІІБ ауданаралық жедел-іздестіру бөлімінің жедел уәкілі лауазымынан бастаған.
Әр жылдары ШҚО-да ішкі істер саласында басшылық қызметте болған, одан бөлек Өскемен қаласы ІІБ-нің бастығы, Маңғыстау облысы ІІД бастығының бірінші орынбасары, ІІМ "Р" департаментінің бастығы, көліктегі ІІД бастығы, Ақмола облысы және елорданың полиция департаментінің бастығы, ішкі істер министрінің орынбасары сынды лауазымды қызметтер атқарған.
Қорғаныс министрлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2026
Дәурен Қосанов қорғаныс министрі болып қайта тағайындалды
Жаңалықтар
0