https://sputnik.kz/20260903/qazaqstandyq-galymdar-drondardyn-komegimen-egistikti-qorgau-tekhnologiyasyn-azirledi-66333277.html
Қазақстандық ғалымдар дрондардың көмегімен егістікті қорғау технологиясын әзірледі
Қазақстандық ғалымдар дрондардың көмегімен егістікті қорғау технологиясын әзірледі
Sputnik Қазақстан
Кешен құрамына биоыдырайтын BioDrop сфералық капсулалары, оларды таратуға арналған арнайы құрылғы және ұшқышсыз ұшу аппараты кіреді 03.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-03T08:06+0500
2026-09-03T08:06+0500
2026-09-03T08:06+0500
ауыл шаруашылығы министрлігі
егістік
дрон
https://sputnik.kz/img/07ea/09/02/66332034_192:231:732:535_1920x0_80_0_0_326f263da443db29b8a32837e4867c61.jpg
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен егістікті қорғау технологиясын әзірледі, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.Капсулалардың ішіне ауыл шаруашылығы зиянкестерінің табиғи жаулары саналатын энтомофагтардың биологиялық материалы орналастырылады. Ұшқышсыз ұшу аппаратына тиелген капсулалар алдын ала белгіленген бағыт бойынша егістік алқабына автоматты түрде таратылады."Капсулалар егістік бетіне түскеннен кейін олардың ішінен энтомофагтар біртіндеп босап шығып, зиянкестерді іздеп, жоя бастайды. Капсулалардың сфералық пішіні мөлшерлеу механизмінің ерекшеліктері және олардың құрамындағы биологиялық материалдың өміршеңдігін сақтау қажеттілігі ескеріле отырып дайындалған", - дейді министрлікте.Мамандардың айтуынша, жұмыстарды жүргізуге жұмсалатын уақыт айтарлықтай қысқарады. Қолмен тарату кезінде зерттелген учаскедегі жұмыстарға 1–1,5 сағат жұмсалса, ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдалану кезінде жабдықты дайындауды қоса алғанда, дәл осындай жұмыс көлемі 10–15 минутта орындалған.Қазіргі уақытта технология төрт шаруашылықта енгізіліп, қолданылып келеді. Болашақта бұл технологияны дәлме-дәл егіншілік жүйелерінде, сондай-ақ фитосанитариялық мониторинг технологияларымен қатар қолдануға болады.
https://sputnik.kz/20260825/astana-qurylys-alandaryndagy-zan-buzushylyqtardy-drondar-anyqtaydy-66083692.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/09/02/66332034_227:199:671:532_1920x0_80_0_0_4a419f69173fb44b8466ee65e3f458cd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы министрлігі, егістік, дрон
ауыл шаруашылығы министрлігі, егістік, дрон
Қазақстандық ғалымдар дрондардың көмегімен егістікті қорғау технологиясын әзірледі
Кешен құрамына биоыдырайтын BioDrop сфералық капсулалары, оларды таратуға арналған арнайы құрылғы және ұшқышсыз ұшу аппараты кіреді
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен егістікті қорғау технологиясын әзірледі, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.
"BioDrop деп аталатын бұл технология жұмыс жүргізу уақытын 4–6 есеге қысқартуға және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғаудың биологиялық тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Кешен құрамына биоыдырайтын BioDrop сфералық капсулалары, оларды таратуға арналған арнайы құрылғы және ұшқышсыз ұшу аппараты кіреді", - деп жазылған хабарламада.
Капсулалардың ішіне ауыл шаруашылығы зиянкестерінің табиғи жаулары саналатын энтомофагтардың биологиялық материалы орналастырылады. Ұшқышсыз ұшу аппаратына тиелген капсулалар алдын ала белгіленген бағыт бойынша егістік алқабына автоматты түрде таратылады.
"Капсулалар егістік бетіне түскеннен кейін олардың ішінен энтомофагтар біртіндеп босап шығып, зиянкестерді іздеп, жоя бастайды. Капсулалардың сфералық пішіні мөлшерлеу механизмінің ерекшеліктері және олардың құрамындағы биологиялық материалдың өміршеңдігін сақтау қажеттілігі ескеріле отырып дайындалған", - дейді министрлікте.
Мамандардың айтуынша, жұмыстарды жүргізуге жұмсалатын уақыт айтарлықтай қысқарады. Қолмен тарату кезінде зерттелген учаскедегі жұмыстарға 1–1,5 сағат жұмсалса, ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдалану кезінде жабдықты дайындауды қоса алғанда, дәл осындай жұмыс көлемі 10–15 минутта орындалған.
Қазіргі уақытта технология төрт шаруашылықта енгізіліп, қолданылып келеді. Болашақта бұл технологияны дәлме-дәл егіншілік жүйелерінде, сондай-ақ фитосанитариялық мониторинг технологияларымен қатар қолдануға болады.