https://sputnik.kz/20260903/ort-shyqty-qashyndar-batys-qazaqstanda-politsiya-qyzmetkeri-bir-otbasyn-aman-alyp-qaldy-66350257.html
"Өрт шықты, қашыңдар": Батыс Қазақстанда полиция қызметкері бір отбасын аман алып қалды
"Өрт шықты, қашыңдар": Батыс Қазақстанда полиция қызметкері бір отбасын аман алып қалды
Sputnik Қазақстан
Полиция қызметкері жанұшыра жүгіріп келгенде қора өртеніп жатқан 03.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-03T14:20+0500
2026-09-03T14:20+0500
2026-09-03T14:22+0500
полиция
өрт
ауыл
https://sputnik.kz/img/07e9/04/03/52163756_0:34:650:400_1920x0_80_0_0_b77b57b1533bdbf5914baf1729ccb10c.jpg
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Қырқопа ауылында полиция қызметкері Нұрлыбай Нұрмұханов 7 адамның өмірі мен баспанасын өрттен аман алып қалды. Оқиға туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне полиция қызметкерінің өзі айтып берді.Оқиға 1 тамызға қараған түні сағат 04:00 шамасында болған.Полиция қызметкері жанұшыра жүгіріп келгенде қора өртеніп жатқан."Мен жалма-жан үйдің есігін қағып, уй иелерін оята бастадым. Түнгі сағат төрт, шырт ұйқыда жатыр, есікті ашпайды. Содан жүгіріп терезелерді соға бастадым. "Өрт боп жатыр, тез шығыңдар" деп айқайладым. Олар дереу сыртқа жүгірді", - дейді Нұрлыбай Нұрмұханов.Полиция қызметкері қора толы малды шығарысып, су тасып, жанталасып өртті сөндірумен болған.Сол кезде өрт сөндірушілер де жеткен. Қора түгел өртенгенімен, жапсарлас тұрған үй өрттен аман қалады. Үйде болған 7 адам: 2 қария, екі ересек, 3 бала тілсіз жаудан аман қалады.Нұрлыбай Нұрмұханов бұл салада қызмет екеніне 9 жыл. 9 жыл Қырқопаның тыныштығын күзетумен келеді. "Қызметте жетістікке жетсем, менің арқам емес, бейбіт, тату, тәртіпті өмір сүрген қырқопалық тұрғындардың арқасы" дейді ол.
https://sputnik.kz/20260830/almatyda-mayor-cagyzga-qaqalyp-qalgan-qyzdy-qutqaryp-qaldy-66210291.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/03/52163756_63:0:596:400_1920x0_80_0_0_c8242c6b8f24fd8b42ce81cac8c4c5c8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
полиция, өрт, ауыл
"Өрт шықты, қашыңдар": Батыс Қазақстанда полиция қызметкері бір отбасын аман алып қалды
14:20 03.09.2026 (жаңартылды: 14:22 03.09.2026) Полиция қызметкері жанұшыра жүгіріп келгенде қора өртеніп жатқан
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Қырқопа ауылында полиция қызметкері Нұрлыбай Нұрмұханов 7 адамның өмірі мен баспанасын өрттен аман алып қалды. Оқиға туралы
Sputnik Қазақстан тілшісіне полиция қызметкерінің өзі айтып берді.
Оқиға 1 тамызға қараған түні сағат 04:00 шамасында болған.
"Ауылды аралап келе жатыр едім, бір үйдің түтіндеп жатқанын көрдім. Кәдімгідей түтін қатты шығып жатты. Мен дереу солай қарай жүгірдім. Бірден өрт сөндіру қызметіне хабарласып үлгердім", - дейді Нұрлыбай Нұрмұханов.
Полиция қызметкері жанұшыра жүгіріп келгенде қора өртеніп жатқан.
"Мен жалма-жан үйдің есігін қағып, уй иелерін оята бастадым. Түнгі сағат төрт, шырт ұйқыда жатыр, есікті ашпайды. Содан жүгіріп терезелерді соға бастадым. "Өрт боп жатыр, тез шығыңдар" деп айқайладым. Олар дереу сыртқа жүгірді", - дейді Нұрлыбай Нұрмұханов.
Полиция қызметкері қора толы малды шығарысып, су тасып, жанталасып өртті сөндірумен болған.
Сол кезде өрт сөндірушілер де жеткен. Қора түгел өртенгенімен, жапсарлас тұрған үй өрттен аман қалады. Үйде болған 7 адам: 2 қария, екі ересек, 3 бала тілсіз жаудан аман қалады.
"Мен туралы жазғанын білмедім де. Кейіннен "саған рахмет айтып жатыр, желіде жүрсің" дегенде бір-ақ білдім. Мен бұл ісімді ерлікке санамаймын. Менің орнымда кез келген адам солай істер еді", - дейді полиция инспекторы.
Нұрлыбай Нұрмұханов бұл салада қызмет екеніне 9 жыл. 9 жыл Қырқопаның тыныштығын күзетумен келеді. "Қызметте жетістікке жетсем, менің арқам емес, бейбіт, тату, тәртіпті өмір сүрген қырқопалық тұрғындардың арқасы" дейді ол.