Оралда жолақы түбіртегін көрсетуден бас тартқан жолаушы қамауға алынды

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2026
Жазылу
Ол кондукторға балағат сөздер айтып, оған күш қолданғаны анықталды
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Оралда қоғамдық көлікте бұзақылық жасаған жолаушы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды облыстық сот.
Оқиға №9 бағыттағы автобуста болған.
"Басқа жолаушылардың, оның ішінде балалардың көзінше кондукторға балағат сөздер айтып, оған күш қолданып, итерген. Сондай-ақ жолақы төленгені туралы түбіртекті көрсетуден бас тартқан. Азаматтың құқыққа қайшы әрекетіне байланысты оқиға орнына полиция шақырылды", – деп хабарлады сот.
Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды.
Оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамақ түріндегі жаза кесілді.
Жұдырық - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2026
Видео
"Пышақпен шабуыл жасамақ болды": Алматыда автобуста төбелескендер ұсталды
Жаңалықтар
0