https://sputnik.kz/20260903/munaraly-krandar-qulady-astanadagy-qurylys-nysandarynda-baqylau-kusheytiledi-66334654.html
Мұнаралы крандар құлады: Астанадағы құрылыс нысандарында бақылау күшейтіледі
Мұнаралы крандар құлады: Астанадағы құрылыс нысандарында бақылау күшейтіледі
Sputnik Қазақстан
Қауіпсіздік талаптарын елемегендер жауапкершіліктен жалтара алмайды 03.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-03T08:55+0500
2026-09-03T08:55+0500
2026-09-03T08:56+0500
астана
құрылыс
министрлік
https://sputnik.kz/img/07e5/06/1d/17472809_0:0:3605:2027_1920x0_80_0_0_979a2f3410b79fcb0d7ba1da96aad587.jpg
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Астанадағы құрылыс нысандарында еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуына бақылауды күшейтеді.Мұндай шешім мемлекеттік органдар мен құрылыс саласының өкілдері қатысқан кеңестің қорытындысы бойынша қабылданды.Елордада мұнаралы крандардың құлауына байланысты екі жазатайым оқиға орын алған болатын. Соның салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екі адам ауыр жарақат алды. Әрбір оқиға бойынша арнайы тергеу жүргізіліп жатыр.Вице-министрі Ербол Тұяқбаев сала өкілдеріне еңбек қауіпсіздігі талаптарына формалды қарауға болмайтыны ескертіліп, анықталған бұзушылықтарды жоюға уақыт берілгенін айтты.Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен құрылыс нысандарында жоспардан тыс тексерулер жүргізу мәселесін қарау тапсырылды.Талаптардың сақталмауы анықталған жағдайда материалдар тиісті мемлекеттік органдарға жолданып, заңда көзделген шаралар қабылданады.
https://sputnik.kz/20260828/astanada-kran-qulap-zhumysshy-koz-zhumdy-66188664.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/1d/17472809_323:0:3054:2048_1920x0_80_0_0_b98c8ba72d3026fbde49262acbf78e4d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, құрылыс, министрлік
астана, құрылыс, министрлік
Мұнаралы крандар құлады: Астанадағы құрылыс нысандарында бақылау күшейтіледі
08:55 03.09.2026 (жаңартылды: 08:56 03.09.2026) Қауіпсіздік талаптарын елемегендер жауапкершіліктен жалтара алмайды
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Астанадағы құрылыс нысандарында еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуына бақылауды күшейтеді.
Мұндай шешім мемлекеттік органдар мен құрылыс саласының өкілдері қатысқан кеңестің қорытындысы бойынша қабылданды.
Елордада мұнаралы крандардың құлауына байланысты екі жазатайым оқиға орын алған болатын. Соның салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екі адам ауыр жарақат алды. Әрбір оқиға бойынша арнайы тергеу жүргізіліп жатыр.
Вице-министрі Ербол Тұяқбаев сала өкілдеріне еңбек қауіпсіздігі талаптарына формалды қарауға болмайтыны ескертіліп, анықталған бұзушылықтарды жоюға уақыт берілгенін айтты.
"Біз құрылыс компанияларына профилактикалық жұмыстар жүргіздік, ескерту жасадық, анықталған бұзушылықтарды жоюға уақыт бердік. Соған қарамастан қауіпсіздік талаптарын елемегендер жауапкершіліктен жалтара алмайды", – деп мәлімдеді Ербол Тұяқбаев.
Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен құрылыс нысандарында жоспардан тыс тексерулер жүргізу мәселесін қарау тапсырылды.
Талаптардың сақталмауы анықталған жағдайда материалдар тиісті мемлекеттік органдарға жолданып, заңда көзделген шаралар қабылданады.