ЕАЭО: Армения мен Қырғызстанның жалпы ішкі өнімі үш есеге жуық өскен

© Sputnik/Ертай СарбасовФлаги ЕАЭС
Флаги ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2026
Жазылу
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одаққа қатысу экономикасы шағын елдер үшін айтарлықтай пайда әкеледі, деп мәлімдеді Ресей премьер-министрінің орынбасары Алексей Оверчук Шығыс экономикалық форумы аясында.
"Қырғызстанның ЕАЭО-ға мүшелігі кезінде оның экономикасы үш есеге өсті, ЖІӨ үш есеге, соның ішінде соңғы бес-алты жылда 55%-ға артты", - деді Оверчук журналистерге.
Оның айтуынша, Арменияның экономикасы да үш есеге жуық өскен.
"Шағын экономикалар үшін бұл айтарлықтай пайда әкеледі", - деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, елдердің бұл ұйымға қатысуы жаңа жұмыс орындарын ашуға және ұйымға мүше елдердің нарығында артықшылыққа ие болуға мүмкіндік береді.
Шығыс экономикалық форумы 1-4 қыркүйек аралығында Владивостокта өтіп жатыр.
Хошимин - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2026
ЕАЭО мен Вьетнам арасындағы сауда көлемі тоғыз жыл ішінде 90%-ға артты
Жаңалықтар
0