https://sputnik.kz/20260903/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-bolady-3-qyrkuyek-66303653.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 3 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 3 қыркүйек
Sputnik Қазақстан
3 қыркүйекте не болғанын білесіз бе? 03.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-03T00:01+0500
2026-09-03T00:01+0500
2026-09-03T00:01+0500
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
қызықты деректер
https://sputnik.kz/img/1138/18/11381879_60:0:2940:1620_1920x0_80_0_0_d0528f9299e39889ad86343d9e6b1f4d.jpg
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз3 қыркүйекте қандай қызықты оқиға болды1984 жылы 3 қыркүйекте белгілі генетик Алек Джеффриз ДНҚ-ның бірегейлігін және қайталанбайтынын дәлелдеп, оны "генетикалық ізтаңбалар" тізбегі деп атады. Бұл генетикалық саусақ іздерін дамытудағы алғашқы қадам болды. Сондықтан бүгін ДНҚ-ның бірегейлігі ашылған күн аталып өтеді.Сондай-ақ, бүгін бейресми, бірақ әйелдер арасында өте танымал – Төстартқыштың туған күні аталып өтеді. 1900 жылы француз әйелі Эрмин Кадоль Дүниежүзілік көрмеде жұртшылыққа төстартқыштың қазіргі үлгісін таныстырды. Қызықты дерек: Victoria's Secret компаниясы Fantasy bra деген атаумен бірегей, 4 200 гауһармен безендірілген төстартқыш жасап шығарды, ол 10 миллион долларға бағаланды.Бүгін Австралия өзінің ұлттық мерекесі – Ту күнін атап өтеді. Ал Катар Тәуелсіздік күнін, Молдавия Ұлттық әскер күнін тойлайды.1955 жылдан бері Тунисте тәуелсіздік қозғалысы күні аталып келеді.3 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар1791 жылы Францияның алғашқы Конституциясы жарияланды;1912 жылы Англияда әлемдегі алғашқы консерві зауыты жұмыс істей бастады;1939 жылы Германияның Польшаға басып кіруінен кейін Ұлыбритания мен Франция Германияға соғыс жариялады;1943 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Италия одақтастармен бітімге келу туралы жасырын келісімге қол қойды;1976 жылы Viking-2 ұшқышсыз аппараты Марсқа қонды;1996 жылы Америка Құрама Штаттары Иракқа зымыранмен соққы жасады ("Шөлдегі шабуыл" операциясы);2014 жылы "Полайн" кемесі Жапония теңізінде апатқа ұшырады.3 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар1928 жылы Алматы округі құрылып, оның құрамына 21 аудан (Ленин, Талғар, Шымкент, Жаркент, Балқаш, т.б.) енді;1992 жылы Қазақстан президентінің "Президенттің бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы туралы" жарлығы жарияланды;1998 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданының атауы Қарасай ауданы болып өзгерді;2007 жылы Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен қазақ-түрік лицейінің ашылуы өтті;2009 жылы Ақмола облысының Щучье ауданы Бурабай ауданы деп өзгертілді;2020 жылы тарихи отанына оралған этникалық қазақтарға қатысты қолданылған "оралман" терминінің орнына "қандас" атауы енгізілді;2026 жылы Қазақстанда Қазақы тазы мен төбет күні 3 қыркүйекке белгіленді.3 қыркүйекте дүниеге келген танымал тұлғалар1804 жылы АҚШ-тың 14-президенті Франклин Пирс дүниеге келді;1875 жылы неміс автомобиль инженері, Porsche компаниясының негізін қалаушылардың бірі Фердинанд Порше дүниеге келді;1903 жылы армян-кеңестік композитор, дирижер Арам Хачатурян дүниеге келді;1905 жылы америкалық физик, Нобель сыйлығының лауреаты Карл Дэвид Андерсон дүниеге келді;1913 жылы АҚШ кино актері Алан Лэдд дүниеге келді;1944 жылы Ресейдің кино актері Борис Сморчков дүниеге келді ("Мәскеу көз жасына сенбейді");1965 жылы америкалық актер, Мартин Шиннің кенже ұлы Чарли Шин дүниеге келді ("Достар" телехикаясы, "Өте қорқынышты кино 4", "Өте қорқынышты кино 5");1986 жылы америкалық сноубордшы, үш дүркін Олимпиада чемпионы Шон Уайт дүниеге келді;1993 жылы австриялық теннисші, 2020 жылғы АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы Доминик Тийм дүниеге келді.3 қыркүйекте Қазақстанда кім туды1927 жылы дирижер, Қазақстанның халық әртісі Тұрғыт Османов дүниеге келді;1939 жылы ғалым-археолог, Ш.Уәлиханов атындағы Қазақ ғылым академиясы сыйлығының лауреаты Сержан Ақынжанов дүниеге келді;1957 жылы театр және кино актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Наталья Долматова дүниеге келді ("Тоғысқан тағдырлар", "Рэкетир", "Мәміле");1960 жылы бірінші шақырылған Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты, тұңғыш қазақ тілінде жазылған "Халықтың көші-қоны туралы" заңының авторы Әкім Ысқақ дүниеге келді;1986 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, балуан, Олимпиада ойындарының жүлдегері Ақжүрек Таңатаров дүниеге келді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1138/18/11381879_420:0:2580:1620_1920x0_80_0_0_e9c672c2677cb0d5365880119149c29c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 3 қыркүйек
3 қыркүйекте не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын
Sputnik дерекқорынан оқыңыз
3 қыркүйекте қандай қызықты оқиға болды
1984 жылы 3 қыркүйекте белгілі генетик Алек Джеффриз ДНҚ-ның бірегейлігін және қайталанбайтынын дәлелдеп, оны "генетикалық ізтаңбалар" тізбегі деп атады. Бұл генетикалық саусақ іздерін дамытудағы алғашқы қадам болды. Сондықтан бүгін ДНҚ-ның бірегейлігі ашылған күн аталып өтеді.
Сондай-ақ, бүгін бейресми, бірақ әйелдер арасында өте танымал – Төстартқыштың туған күні аталып өтеді. 1900 жылы француз әйелі Эрмин Кадоль Дүниежүзілік көрмеде жұртшылыққа төстартқыштың қазіргі үлгісін таныстырды. Қызықты дерек: Victoria's Secret компаниясы Fantasy bra деген атаумен бірегей, 4 200 гауһармен безендірілген төстартқыш жасап шығарды, ол 10 миллион долларға бағаланды.
Бүгін Австралия өзінің ұлттық мерекесі – Ту күнін атап өтеді. Ал Катар Тәуелсіздік күнін, Молдавия Ұлттық әскер күнін тойлайды.
1955 жылдан бері Тунисте тәуелсіздік қозғалысы күні аталып келеді.
3 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар
1791 жылы Францияның алғашқы Конституциясы жарияланды;
1912 жылы Англияда әлемдегі алғашқы консерві зауыты жұмыс істей бастады;
1939 жылы Германияның Польшаға басып кіруінен кейін Ұлыбритания мен Франция Германияға соғыс жариялады;
1943 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Италия одақтастармен бітімге келу туралы жасырын келісімге қол қойды;
1976 жылы Viking-2 ұшқышсыз аппараты Марсқа қонды;
1996 жылы Америка Құрама Штаттары Иракқа зымыранмен соққы жасады ("Шөлдегі шабуыл" операциясы);
2014 жылы "Полайн" кемесі Жапония теңізінде апатқа ұшырады.
3 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1928 жылы Алматы округі құрылып, оның құрамына 21 аудан (Ленин, Талғар, Шымкент, Жаркент, Балқаш, т.б.) енді;
1992 жылы Қазақстан президентінің "Президенттің бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы туралы" жарлығы жарияланды;
1998 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданының атауы Қарасай ауданы болып өзгерді;
2007 жылы Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен қазақ-түрік лицейінің ашылуы өтті;
2009 жылы Ақмола облысының Щучье ауданы Бурабай ауданы деп өзгертілді;
2020 жылы тарихи отанына оралған этникалық қазақтарға қатысты қолданылған "оралман" терминінің орнына "қандас" атауы енгізілді;
2026 жылы Қазақстанда Қазақы тазы мен төбет күні 3 қыркүйекке белгіленді.
3 қыркүйекте дүниеге келген танымал тұлғалар
1804 жылы АҚШ-тың 14-президенті Франклин Пирс дүниеге келді;
1875 жылы неміс автомобиль инженері, Porsche компаниясының негізін қалаушылардың бірі Фердинанд Порше дүниеге келді;
1903 жылы армян-кеңестік композитор, дирижер Арам Хачатурян дүниеге келді;
1905 жылы америкалық физик, Нобель сыйлығының лауреаты Карл Дэвид Андерсон дүниеге келді;
1913 жылы АҚШ кино актері Алан Лэдд дүниеге келді;
1944 жылы Ресейдің кино актері Борис Сморчков дүниеге келді ("Мәскеу көз жасына сенбейді");
1965 жылы америкалық актер, Мартин Шиннің кенже ұлы Чарли Шин дүниеге келді ("Достар" телехикаясы, "Өте қорқынышты кино 4", "Өте қорқынышты кино 5");
1986 жылы америкалық сноубордшы, үш дүркін Олимпиада чемпионы Шон Уайт дүниеге келді;
1993 жылы австриялық теннисші, 2020 жылғы АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы Доминик Тийм дүниеге келді.
3 қыркүйекте Қазақстанда кім туды
1927 жылы дирижер, Қазақстанның халық әртісі Тұрғыт Османов дүниеге келді;
1939 жылы ғалым-археолог, Ш.Уәлиханов атындағы Қазақ ғылым академиясы сыйлығының лауреаты Сержан Ақынжанов дүниеге келді;
1957 жылы театр және кино актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Наталья Долматова дүниеге келді ("Тоғысқан тағдырлар", "Рэкетир", "Мәміле");
1960 жылы бірінші шақырылған Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты, тұңғыш қазақ тілінде жазылған "Халықтың көші-қоны туралы" заңының авторы Әкім Ысқақ дүниеге келді;
1986 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, балуан, Олимпиада ойындарының жүлдегері Ақжүрек Таңатаров дүниеге келді.