Батыс Қазақстанда оқушы көз жұмды

© Sputnik / Владислав ВодневПолицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото
Полицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2026
Жазылу
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қауіпті нысанның аумағы қоршалмаған, есіктері жиі ашық қалады
АЛМАТЫ, 3 қыркүйек – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының Круглоозерное ауылында оқушыны жоғары кернеулі электр тогы соғып, көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қайғылы оқиға 1 қыркүйекте болған. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.
Кешкі уақытта бала достарынан бөлініп, электр қосалқы станциясының аумағына барған. Сол жерде оны 10 мың вольт кернеулі электр тогы соққан. Оқушы оқиға орнында көз жұмды.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қауіпті нысанның аумағы қоршалмаған, есіктері жиі ашық тұрады. Сондай-ақ электр сымдарының кейбірі сыртқа шығып тұрған көрінеді. Тұрғындар балалардың осы нысан маңында жиі ойнайтынын айтады.
Батыс Қазақстан облысының полициясы оқушының қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Круглоозерное кентінде кәмелетке толмаған адамның қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", – дейді полицейлер.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Скорая помощь - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2026
Астанада баланы футбол алаңының жанында тоқ соқты: жағдайы ауыр
Жаңалықтар
0