"Балқаш" АЭС-тің бірінші блогын іске қосу 2037 жылға жоспарланған - Сәтқалиев

© Sputnik/Ертай СарбасовАЭС макеті
АЭС макеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2026
Жазылу
Атом электр станциясы жобасын іске асыру ел үшін стратегиялық маңызға ие
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының бірінші энергетикалық блогын іске қосу 2037 жылға жоспарланған, деп мәлімдеді Атом энергиясы агенттігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев "Росатоммен" келісімшартқа қол қойғаннан кейін.
Қазақстан Республикасында атом электр станциясын жобалау, жеткізу және құрылысы туралы келісімшартқа "Қазақстан атом электр станциялары" ЖШС және "Атомстройэкспорт" АҚ Владивостоктағы Шығыс экономикалық форумы аясында қол қойды.

"Ресейлік технологияларды және халықаралық консорциумның көшбасшысы ретінде таңдалған "Росатом" корпорациясының озық шешімдерін пайдалана отырып, қазіргі заманғы Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу бойынша негізгі келісімшартқа дәл осы Шығыс экономикалық форумы аясында қол қойылғаны үлкен мәнге ие", - деді Сәтқалиев.

Сәтқалиев келісімшартқа қол қою Қазақстанның алғашқы атом электр станциясын салу жобасының жаңа кезеңге өтуін білдіретінін айтты.
"Біз атом электр станциясының құрылысын жеңілдететін жалпы зерттеу, қабылданған шешімдер, учаскеде жүргізілген ауқымды алдын ала жұмыстар, инженерлік зерттеулер үшін "Росатомға" алғысымызды білдіреміз", - деді ол.
Қазақстан тарапынан агенттік басшысы бұл жұмыстың аяқталуы "құрылысты бастау үшін барлық қажетті ішкі процедураларды орындауға" дайындықты білдіретінін растады.
"Бұған келесі жылы орналастыруға тиісті лицензия беру кіреді. Бұл құрылыстың бастапқы қадамы болады. Біз құрылыстың 2027 жылы басталатынын күтеміз. Содан кейін жобаны іске асыру кестесіне сәйкес 10 жыл ішінде біз бірінші энергетикалық блоктың құрылысы аяқталып, ол пайдалануға беріледі деп күтеміз", - деді Сәтқалиев.
Агенттік басшысы Қазақстанның осы энергетикалық нысанды салу және пайдалану кезінде алатын пайдасына да тоқталды.
"Ең алдымен бұл елдің энергия тапшылығы бар оңтүстігінде төмен көміртекті электр энергия көзін құру. Бұл Орталық Азия аймағындағы энергетикалық баланс пен су режимдерінің жалпы тұрақтылығына ықпал етеді", - деді ол.
Сонымен қатар нысан құрылыс қазақстандық шикізат пен уран өнімдерін атом электр станцияларына отын ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
В Казахстане стартует строительство первой АЭС   - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2026
АЭС алаңындағы инженерлік зерттеу жұмыстары аяқталып қалды
"Бұл "Росатом" корпорациясымен ынтымақтастықтың барлық ауқымын қамтиды. Яғни, ол жоғары білікті кадрларды даярлау, ғылыми-қолданбалы зерттеулер, ядролық отын циклі бойынша жұмыс істеу және уран өнеркәсібіндегі ынтымақтастығымызды дамыту", - деді Сатқалиев.
Оның айтуынша, Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысы "ядролық саладағы мемлекетаралық өзара ынтымақтастықты нығайтуға қажетті серпін береді".
Сатқалиевтің пікірінше, құрылыс кезеңіндегі пайдаға, соның ішінде жұмыс орындарын құруға және қазақстандық материалдарды пайдалануға да үлкен үміт артады.
"Әріптестер арасында жұмыс жоспары, ортақ көзқарас, өзара түсіністік бар және біз бұл жобаны жүзеге асыруға оптимистік көзқарастамыз", - деді Сәтқалиев.
Атом электр станциясының құрылысы Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздік пен тәуелсіздікті нығайтуға, өнеркәсіптік және технологиялық әлеуетті дамытуға, кадрлар қорын құруға және елдің технологиялық егемендігін нығайтуға деген ұзақ мерзімді міндеттемесінің маңызды бөлігі болып табылады.
Қазақстан мен Росатом Балқаш АЭС құрылысы бойынша келісімшартқа қол қойды - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2026
Қазақстан мен "Росатом" Балқаш АЭС құрылысы бойынша келісімшартқа қол қойды
Жаңалықтар
0