https://sputnik.kz/20260903/astanadagy-qurylys-nysandarynda-baqylau-kusheytiledi-66357516.html
Астанадағы құрылыс нысандарында бақылау күшейтіледі
Астанадағы құрылыс нысандарында бақылау күшейтіледі
Sputnik Қазақстан
Жазатайым оқиғалар мен кемшіліктер қайталанатын ұйымдардың жұмысы жеке талданбақ 03.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-03T17:41+0500
2026-09-03T17:41+0500
2026-09-03T17:41+0500
астана
құрылыс
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0c/33857236_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_bda6d4290017c6d05eaa164318189167.jpg
АСТАНА, 3 қыркүйек — Sputnik. Астанадағы құрылыс нысандарында еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуына бақылау күшейтіледі, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев құрылыс нысандарындағы қауіпсіздік мәселесі бұған дейін де бірнеше рет көтерілгенін атап өтті. Сала өкілдеріне еңбек қауіпсіздігі талаптарына формалды қарауға болмайтыны ескертіліп, анықталған олқылықтарды жоюға уақыт берілген.Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетіне құрылыс нысандарында жоспардан тыс тексерулер жүргізу мәселесін қарау тапсырылды. Талаптардың сақталмағаны анықталған жағдайда, материалдар тиісті мемлекеттік органдарға жолданады.Жазатайым оқиғалар мен кемшіліктер қайталанатын ұйымдардың жұмысы жеке талданбақ. Инспекторлар бұған дейінгі тергеу нәтижесінде анықталған себептер мен заң бұзушылықтардың қаншалықты толық жойылғанын тексермек.Ербол Тұяқбаев өндірістегі оқиғаларды үнемі "адами фактор" деген бір ғана себеппен түсіндіруге болмайтынын айтты. Оның пікірінше, егер жұмысшы қателік жіберсе, оның неліктен қателескенін анықтау қажет.Талаптарды жүйелі түрде бұзатын ұйымдарға ерекше назар аударылады. Мұндай компанияларға қатысты қатаң шаралар қолдану ұсынылды. Оның ішінде құрылыс қызметіне берілген лицензияны уақытша тоқтату немесе қайтарып алу мәселесі де заңнамаға сәйкес қаралуы мүмкін.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0c/33857236_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_85867f5fc477faf3df8f27c0b1f6635c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, құрылыс
Астанадағы құрылыс нысандарында бақылау күшейтіледі
Жазатайым оқиғалар мен кемшіліктер қайталанатын ұйымдардың жұмысы жеке талданбақ
АСТАНА, 3 қыркүйек — Sputnik. Астанадағы құрылыс нысандарында еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуына бақылау күшейтіледі, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев құрылыс нысандарындағы қауіпсіздік мәселесі бұған дейін де бірнеше рет көтерілгенін атап өтті. Сала өкілдеріне еңбек қауіпсіздігі талаптарына формалды қарауға болмайтыны ескертіліп, анықталған олқылықтарды жоюға уақыт берілген.
"Біз құрылыс компанияларына профилактикалық жұмыстар жүргіздік, ескерту жасадық, анықталған заң бұзушылықтарды жоюға уақыт бердік. Соған қарамастан қауіпсіздік талаптарын елемегендер жауапкершіліктен жалтара алмайды", — деп мәлімдеді Ербол Тұяқбаев.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетіне құрылыс нысандарында жоспардан тыс тексерулер жүргізу мәселесін қарау тапсырылды. Талаптардың сақталмағаны анықталған жағдайда, материалдар тиісті мемлекеттік органдарға жолданады.
Жазатайым оқиғалар мен кемшіліктер қайталанатын ұйымдардың жұмысы жеке талданбақ. Инспекторлар бұған дейінгі тергеу нәтижесінде анықталған себептер мен заң бұзушылықтардың қаншалықты толық жойылғанын тексермек.
"Егер жазатайым оқиға орын алып, тергеу жүргізіліп, тиісті нұсқама берілсе, анықталған заң бұзушылықтар жойылғанмен, кейін тағы да қайғылы жағдай орын алса, бұл құрылыс компанияларының бірінші басшыларына қатысты заңды сұрақ туындайды", - деп атап өтті бірінші вице-министр.
Ербол Тұяқбаев өндірістегі оқиғаларды үнемі "адами фактор" деген бір ғана себеппен түсіндіруге болмайтынын айтты. Оның пікірінше, егер жұмысшы қателік жіберсе, оның неліктен қателескенін анықтау қажет.
Талаптарды жүйелі түрде бұзатын ұйымдарға ерекше назар аударылады. Мұндай компанияларға қатысты қатаң шаралар қолдану ұсынылды. Оның ішінде құрылыс қызметіне берілген лицензияны уақытша тоқтату немесе қайтарып алу мәселесі де заңнамаға сәйкес қаралуы мүмкін.