Жеңімпаздар 1 млн теңгеден алады: оқушылар мен студенттер арасында байқау жарияланды

© Sputnik / Lidiya Stanchenko / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2026
Жазылу
Байқауда төрт жеңімпаз анықталады, жалпы жүлде қоры – 4 млн теңге
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысында оқушылар мен студенттер арасында үздік бизнес-идеялар байқауы жарияланды. Жеңімпаздарға 1 млн теңгеден беріледі, деп хабарлайды облыстық әкімдік.
Өңірлік кәсіпкерлер палатасының кеңесі бизнес-идеялар байқауын екінші рет ұйымдастырып отыр. Өтінімдер 22 қыркүйекке дейін қабылданады.
"Байқауға 18 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Қатысушылар өз идеясын төрт бағыттың бірі бойынша ұсынуы қажет: агроөнеркәсіптік кешен және қайта өңдеу, IT және жасанды интеллект, робототехника, экология және өңдеу өнеркәсібі", – делінген әкімдік хабарламасында.
Алдымен сарапшылар үздік 20 жобаны іріктейді. Финалға өткен қатысушылар өз жобаларын байқау комиссиясының алдында жеке қорғайды.
Байқауда төрт жеңімпаз анықталады. Әр бағыт бойынша үздік жоба иесіне 1 млн теңгеден беріледі.
Жаңалықтар
0