https://sputnik.kz/20260902/ulken-almaty-kanalyna-auqymdy-zhangyrtu-zhumystary-zhurgiziledi-66292447.html
Үлкен Алматы каналына ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізіледі
Үлкен Алматы каналына ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізіледі
Sputnik Қазақстан
Қазіргі уақытта ұзындығы 15,6 шақырым болатын учаскені реконструкциялау жобасы әзірленді 02.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-02T09:15+0500
2026-09-02T09:15+0500
2026-09-02T10:55+0500
алматы
министрлік
жаңғырту
https://sputnik.kz/img/07e5/09/16/18197428_0:257:2731:1793_1920x0_80_0_0_fdd082b50ddff136b973240968029b73.jpg
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналын үш кезең бойынша реконструкциялауды жоспарлап отыр.Қазіргі уақытта ұзындығы 15,6 шақырым болатын учаскені реконструкциялау жобасы әзірленді.Сонымен қатар жалпы ұзындығы 110 шақырым болатын учаскелерді реконструкциялауға қажетті құжаттар әзірленіп жатыр. Бұл Алматы облысындағы негізгі су артериясын толықтай бетонмен қаптап, жаңғыртуға мүмкіндік береді. Жұмыстардың үшінші кезеңінде Үлкен Алматы каналының бас су торабын реконструкциялау көзделген.Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының жалпы ұзындығы 168 шақырым. Нысан секундына 87 текше метрге дейін су өткізе алады.
https://sputnik.kz/20260822/su-sharuashylygyna-eki-zhylda-rekordtyq-677-mlrd-tenge-investitsiya-tartyldy--65944596.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/16/18197428_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_8ddb3f70f4d2645bd23ab3f2dc0b199a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, министрлік, жаңғырту
алматы, министрлік, жаңғырту
Үлкен Алматы каналына ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізіледі
09:15 02.09.2026 (жаңартылды: 10:55 02.09.2026) Қазіргі уақытта ұзындығы 15,6 шақырым болатын учаскені реконструкциялау жобасы әзірленді
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналын үш кезең бойынша реконструкциялауды жоспарлап отыр.
Қазіргі уақытта ұзындығы 15,6 шақырым болатын учаскені реконструкциялау жобасы әзірленді.
"Биыл жыл басында Үлкен Алматы каналының жалпы ұзындығы 1,53 шақырым болатын учаскелерін реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Нысанды монолитті темірбетонмен қаптау жұмыстары жүргізілді. Бұл каналдың техникалық жағдайын жақсартуға, су ысырабының көлемін азайтуға және облыстағы 33,3 мың гектар суармалы жерді сапалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді", - деді Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев.
Сонымен қатар жалпы ұзындығы 110 шақырым болатын учаскелерді реконструкциялауға қажетті құжаттар әзірленіп жатыр. Бұл Алматы облысындағы негізгі су артериясын толықтай бетонмен қаптап, жаңғыртуға мүмкіндік береді. Жұмыстардың үшінші кезеңінде Үлкен Алматы каналының бас су торабын реконструкциялау көзделген.
Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының жалпы ұзындығы 168 шақырым. Нысан секундына 87 текше метрге дейін су өткізе алады.