Телефонмен сөйлескендерді тіркейді: Қарағандыда 120 камера жолдарды бақылауды бастады

© Photo : 24.kz"Сергек" камерасы
Сергек камерасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2026
Жазылу
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысында камералар жолда телефонмен сөйлескендерді бақылауға алады, деп хабарлайды облыстық әкімдік.
2 қыркүйектен бастап Қарағанды облысындағы 120 камера кешені жылдамдықты арттыру деректерін ғана емес, көлік жүргізу кезінде ұялы телефонмен сөйлесетін және қауіпсіздік белдігін тақпаған жүргізушілерді де тіркей бастайды. Ереже бұзғандарға айыппұл автоматты түрде салынады.
"Көлік жүргізу кезінде телефон қолдану жүргізушінің назарын бөліп, жол апатына ұрыну қаупін арттырады. Көлік сағатына 60 шақырым жылдамдықпен қозғалып келе жатқанда экранға небәрі бес секунд назар аударудың өзі 100 метр қашықтықты "көз жұмып" жүріп өткенмен тең", - дейді әкімдікте.
Ал қауіпсіздік белдігін тағу жол апаты болған жағдайда жарақат пен өзге де зардаптардың ауырлығын азайтуға мүмкіндік береді.
Жаңалықтар
0