https://sputnik.kz/20260902/soltustik-qazaqstanda-qurylys-salasynda-380-mln-tenge-zhymqyrylgan-66296681.html
Солтүстік Қазақстанда 6 жылдан бері құрылысы аяқталмай тұрған жолдың ақшасы жымқырылған
Солтүстік Қазақстанда 6 жылдан бері құрылысы аяқталмай тұрған жолдың ақшасы жымқырылған
Sputnik Қазақстан
Мердігер ұйым басшысы және энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бұрынғы басшысы күдікті деп танылды 02.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-02T10:45+0500
2026-09-02T10:45+0500
2026-09-02T10:50+0500
жол
құрылыс
видео
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында құрылыс кезінде бюджет қаражаты жымқырылған, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.2017 жылы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы "Бизнестің жол картасы — 2020" бағдарламасы аясында "Akcent KZ" ЖШС-мен келісімшарт жасаған. Серіктестік "Сырымбет" кен орнына дейін ішкі алаңдағы жол тармақтары мен инженерлік желілері бар теміржол кірме жолын салу керек болған.Айта кетері, "Сырымбет" кен орнының өңір үшін стратегиялық маңызы бар. Ол — Қазақстандағы жалғыз әрі Орталық Азиядағы ең ірі қалайы кен орны.Мердігер ұйым басшысы және энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бұрынғы басшысы күдікті деп танылды.Сот санкциясымен 3 пәтер мен автотұрақ орнына тыйым салынды. Тергеу жүріп жатыр.
https://sputnik.kz/20260421/soltustik-qazaqstan-2-mlrd-tenge-byudzhet-qarazhaty-zhymqyrylgan-62824418.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол, құрылыс
Солтүстік Қазақстанда 6 жылдан бері құрылысы аяқталмай тұрған жолдың ақшасы жымқырылған
10:45 02.09.2026 (жаңартылды: 10:50 02.09.2026) Мердігер ұйым басшысы және энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бұрынғы басшысы күдікті деп танылды
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында құрылыс кезінде бюджет қаражаты жымқырылған, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.
2017 жылы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы "Бизнестің жол картасы — 2020" бағдарламасы аясында "Akcent KZ" ЖШС-мен келісімшарт жасаған. Серіктестік "Сырымбет" кен орнына дейін ішкі алаңдағы жол тармақтары мен инженерлік желілері бар теміржол кірме жолын салу керек болған.
Айта кетері, "Сырымбет" кен орнының өңір үшін стратегиялық маңызы бар. Ол — Қазақстандағы жалғыз әрі Орталық Азиядағы ең ірі қалайы кен орны.
"Мемлекеттік сатып алудың жалпы құны - 1,4 млрд теңге. Бастапқыда құрылыс 2018 жылы аяқталады деп жоспарланған. Алайда жобаны іске асыру мерзімі бірнеше рет ұзартылған. Соған қарамастан, нысан құрылысы әлі күнге дейін аяқталмаған. Салдарынан 380 млн теңгенің жұмысы іс жүзінде орындалмаған", - дейді агенттікте.
Мердігер ұйым басшысы және энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бұрынғы басшысы күдікті деп танылды.
Сот санкциясымен 3 пәтер мен автотұрақ орнына тыйым салынды. Тергеу жүріп жатыр.