https://sputnik.kz/20260902/salmagy-1778-gramm-darigerler-qoqys-zhashiginen-tabylgan-narestenin-zhagdayy-turaly-aytty-66313743.html
Салмағы 1778 грамм: дәрігерлер қоқыс жәшігінен табылған нәрестенің жағдайы туралы айтты
Салмағы 1778 грамм: дәрігерлер қоқыс жәшігінен табылған нәрестенің жағдайы туралы айтты
Sputnik Қазақстан
Қазіргі уақытта тиісті медициналық тексерулер жүргізіліп жатыр 02.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-02T16:16+0500
2026-09-02T16:16+0500
2026-09-02T17:40+0500
жамбыл облысы
қоқыс жәшігі
нәресте
шала туған нәресте
https://sputnik.kz/img/07e7/07/1f/37180085_0:0:3088:1737_1920x0_80_0_0_b6c5239d07b8713c86963ecdd91c3faf.jpg
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Дәрігерлер Жамбыл облысында қоқыс жәшігінен табылған жаңа туған нәрестенің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Нәресте – қыз бала. 2 қыркүйек күні сағат 10:00-де Қордай аудандық орталық ауруханасының босандыру бөліміне жеткізілген.Қазіргі уақытта нәрестеге қажетті медициналық көмек көрсетіліп, тиісті медициналық тексерулер жүргізіліп жатыр.Полиция қызметкерлері қысқа уақыт ішінде жаңа туған нәрестені қауіпті жағдайда қалдырған күдікті әйелді анықтады. Ол өз кінәсін мойындады.Жан-жақты және толық тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.Еске салайық, бүгін Қордай ауданындағы Гвардейск әскери қалашығында қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылған болатын. Полиция баланың анасын іздестіріп жатыр.
https://sputnik.kz/20260902/zhambyl-oblysynda-qoqys-zhashiginen-zhana-tugan-nareste-tabyldy-66299341.html
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/1f/37180085_82:0:2813:2048_1920x0_80_0_0_c117ebdf35b9cae4546d54a59bbba56d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, қоқыс жәшігі, нәресте, шала туған нәресте
жамбыл облысы, қоқыс жәшігі, нәресте, шала туған нәресте
Салмағы 1778 грамм: дәрігерлер қоқыс жәшігінен табылған нәрестенің жағдайы туралы айтты
16:16 02.09.2026 (жаңартылды: 17:40 02.09.2026) Қазіргі уақытта тиісті медициналық тексерулер жүргізіліп жатыр
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Дәрігерлер Жамбыл облысында қоқыс жәшігінен табылған жаңа туған нәрестенің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Нәресте – қыз бала. 2 қыркүйек күні сағат 10:00-де Қордай аудандық орталық ауруханасының босандыру бөліміне жеткізілген.
"Нәрестенің жағдайы орташа ауыр. Болжамды гестациялық жасы – 36 апта, салмағы – 1778 грамм. Өзі тыныс алып жатыр, гемодинамикасы тұрақты", – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Қазіргі уақытта нәрестеге қажетті медициналық көмек көрсетіліп, тиісті медициналық тексерулер жүргізіліп жатыр.
Полиция қызметкерлері қысқа уақыт ішінде жаңа туған нәрестені қауіпті жағдайда қалдырған күдікті әйелді анықтады. Ол өз кінәсін мойындады.
Жан-жақты және толық тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.
Еске салайық, бүгін Қордай ауданындағы Гвардейск әскери қалашығында қоқыс жәшігінен
жаңа туған нәресте табылған болатын. Полиция баланың анасын іздестіріп жатыр.