Қазақстанда екі жылда 54 жаңа кен орны ашылды

Теңіз кен орны - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2026
Жазылу
Мемлекеттік есепте пайдалы қазбалардың әртүрлі түрлеріне жататын 10 мыңға жуық кен орны бар
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда екі жылда 54 жаңа кен орны ашылды, деп хабарлады Үкімет.
Қазақстанда 2024-2025 жылдары 54 жаңа кен орны мемлекеттік есепке қойылды.
"Геологиялық барлау жұмыстары алтын, күміс, мыс, хром, темір және фосфорит кендері ресурстарының, сондай-ақ жер асты сулары қорларының өсуін қамтамасыз етті. Жалпы, мемлекеттік есепте пайдалы қазбалардың әртүрлі түрлеріне жататын 10 мыңға жуық кен орны бар", - деп жазылған хабарламада.
Ал сирек кездесетін жер металдарының 935,4 мың тонна болжамды ресурсы анықталды.
"Әзірше зерттеулер 11 учаскеде аяқталды. Ең перспективалы учаскелердің бірі – Қарағанды облысындағы Құйректыкөл", - дейді Үкіметте.
Мұнда заманауи жоғары технологиялық өндірістерде сұранысқа ие сирек жер металдары анықталды.
Геологоразведочные работы с применением ИИ ведутся в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2026
Жасанды интеллектіні қолдану арқылы 20 геологиялық барлау жобасы жүзеге асырылады
Жаңалықтар
0