Қарағандыда ауруханадан 20 науқас эвакуацияланды

Аурухана - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2026
Жазылу
Өрт жалыны негізгі бес қабатты ғимаратқа жалғасып салынған бір қабатты кіреберістің ағаш шатыр конструкциясына тарады
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысында көпбейінді аурухана маңында өрт шығып, 20 науқас эвакуацияланды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Қарағандының Қазыбек би ауданындағы Мұқанов көшесінде орналасқан көпбейінді аурухана аумағында жиналған макулатура өртенді. Өрт жалыны негізгі бес қабатты ғимаратқа жалғасып салынған бір қабатты кіреберістің ағаш шатыр конструкциясына тарады.
"Құтқарушылар аурухана әкімшілігімен бірлесіп, қауіпсіздік мақсатында 20 науқасты ғимараттың көршілес блогына көшірді. Өрт 25 шаршы метр аумақта толық сөндірілді", - дейді өрт сөндірушілер.
Құтқарушылардың жедел әрекеті нәтижесінде оттың негізгі және оған жалғасып салынған ғимараттарға одан әрі таралуына жол берілмеді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Сотрудники МЧС тушат пожар на полигоне в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.08.2026
Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, бір адам зардап шекті
Жаңалықтар
0