Орташа айлық атаулы жалақы екінші тоқсанда 8,4%-ға өскен

© Sputnik/Ертай СарбасовВиды Алматы
Виды Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2026
Жазылу
Жалақы номиналды түрде өскенімен, нақты мәнде төмендеді
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда 2026 жылдың екінші тоқсанында медианалық жалақы 348 415 теңгені ($760) құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Медианалық жалақы – барлық жалдамалы қызметкерлердің табысын тең екіге бөлетін көрсеткіш. Яғни жұмысшылардың 50%-ы осы сомадан жоғары, ал қалған 50%-ы төмен жалақы алады, деп түсіндірді ведомство.
Сонымен қатар жылдық мәнде нақты жалақы 1,8%-ға төмендеді. Ал 2026 жылдың бірінші тоқсанымен, яғни қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда, нақты жалақы 3%-ға өсті.
Ведомствоның мәліметінше, орташа айлық атаулы жалақы 486 388 теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,4%-ға артқан.
Өткен жылмен салыстырғанда атаулы жалақының ең жоғары өсімі:
Ақмола облысында – 10,7%;
Абай облысында – 10,6%;
Алматы қаласында – 10,2%;
Солтүстік Қазақстан облысында – 9,5%;
Павлодар облысы мен Шымкентте – 9,4%.
Ал ең жоғары орташа жалақы Маңғыстау облысында тіркелді – 673 656 теңге. Одан кейін Астана (647 920 теңге) және Атырау облысы (631 555 теңге) тұр. Алматыда бұл көрсеткіш 610 371 теңгені құрады.
Ең төменгі орташа жалақы Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді – 363 123 теңге.
 Портмоне с деньгами - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2026
Үкімет жоғары салық салынатын жалақы мөлшерін атады
Жаңалықтар
0